АСТАНА. 19 шілде. Көліктің жарылуы салдарынан Татарстанның муфтиі Илдус Файзов жарақаттанды, ал оның орынбасары Валиулла Якупов мерт болды.
Татарстанның Мұсылмандар діни басқармасы аппаратының басшысы Ришат Хамидуллин мәлім еткендей, муфтидің көлігін жарып жіберіп, өзін оқ атқан.
Татарстанның ТЖМ тек қана Казань қаласындағы Мусин және Четаев көшелері қиылысында Landrover Cruiser көлігі өртеніп кетті, деп хабарлауда. Ал Мұсылмандар діни басқармасы аппараты бұл жағдайды муфтиге жасалған қастандық деп отыр.