Атырау, 25 сәуір 13:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жыл басынан бері елімізде 3 терактінің жолы кесілді

2 015 просмотра


Биыл үш терактіден аман қалдық. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері Қазақстанның арнайы қызметі елімізде жасалмақ болған үш терактіге төтеп беріп, теракт ұйымдастырмақшы болған 13 адамды ұстады. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында күш қолдану арқылы жасалатын террорлық сипаттағы экстремистік акцияға дайындалған радикалдық үш топтың жоспарларын бастапқы кезеңде анықтап, дер кезінде тосқауыл қойды. Радикалдар құқық қорғау, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері мен ғимараттарына шабуыл жасауды жоспарлаған, деп жазылған басылымда.  

- Террорды белгілі бір дінге телитіні неліктен екен?  - Терактілердің барлығы діни идеологияға негізделген деген қате пікір. Ислам ең алдымен адамзатты бейбіт өмірге шақыратын дін. Мұны «Айқын» газеті де жазып отыр. Негізі Қазақстанда алғашқы терактілер сериясы 2011 жылы болған. Мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты маңында жанкешті өзін жарып жіберген болатын. Бірақ, мұны прокуратура терактіге жатқызбаған, деп жазады ақпарат құралы. «Ақтөбеде 17 мамыр күні беліне бомба байлаған жанкешті Р.Мақатов ҰҚК облыстық департаментінің ғимаратына кіріп өзін жарып жіберді. Өзі сол жерде қаза тапты, үш адам жараланды. Прокуратура Мақатовты экстремистік топ мүшесі деп танығанмен, өзін-өзі жарып жіберу фактісін теракт санатына жатқызбады». Көп жағдайда сіз бен біз лаңкестерге қарсы күресіп жүрген арнайы қызметтің жұмысын көрмейміз. Олар да жер жарып, жарнамалап жүрген жүрген жоқ өздерін. Жұмысы болғаннан кейін біздің ұйқымыздың тыныштығы үшін, елдің тұрақтылығына сызат түсірмеу үшін жанын беруге дайын олар.

 

Дереккөз: 24.kz

5 қыркүйек 2018, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.