АСТАНА, 19 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. ҚМГ БӨ MOL Hungarian Oil and Gas Plc. компаниясына «Карповский-Северный» блогында жер қойнауын пайдалану құқығының 49% сату туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі бейсенбіде.
«Карповский Северный» АҚ ҚР БатысҚазақстан облысында орналасқан «Карповский Северный» учаскесінде мұнай, газ және конденсат барлау Келісімі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие.
«Аталған мәміленің нәтижесінде «Карповский Северный» блогында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен ҚМГ БӨ және MOL бірлескен кәсіпорын құрмақ. Бұл мәміле 2012 жылдың 26 маусымында өткен Директорлар кеңесінде бекітілген болатын»,-делінген хабарламада.
«Карповский Северный» АҚ акциялар пакетінің 49% бастапқы құнынан қымбат бағаға сатылады, алайда мәміленің ақтық құны мәміле жабылар алдында өзгеруі мүмкін. Бұл мәмілені ҚР Мұнай және газ министрлігі мақұлдап, мемлекет алғашқы болып сатып алу құқығынан бас тартып, ҚР және ЕО монополияға қарсы агенттіктері келісім беруі тиіс.
«Карповский Северный» блогы Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының сырт бөлігінде, Федоровский блогы және басқа да кеніштерге жақын орналасқан. Келісім-шартқа енген аумақтың көлемі 1670 шаршы шақырым. Бұған дейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, сейсмикалық және ұңғылық ақпараттарға қарағанда, учаскеде көмірсутектер бар. Қалған лицензиялық міндеттемелер екі барлау ұңғысын бұрғылау және сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Бұл мәміле ҚМГ БӨ-ге аталған лицензия бойынша геологиялық тәуекелдер мен қаржылық міндеттемелерді MOL компаниясымен бірлесіп көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көршілес орналасқан Федоровский блогымен операциялық синергияға қол жеткізу мүмкін. Бұл блокта ҚМГ БӨ үлесі 50%, MOL үлесі 27 ,5%-ды құрайды. 2008 жылы Федоровский блогында 2008 жылы айтарлықтай газ конденсатының кеніші ашылды, консорциум операторы – MOL.
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 12,3 млн. тоннаны (т әулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде және 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.