Атырау, 1 қыркүйек 02:32
 дождьВ Атырау +17.6
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Қазақстанда нан қымбаттамайды

3 278 рет қаралды

АСТАНА,  19  шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық нарығында кез-келген жағдайда нанның ішкі бағасын ұстап тұра алады, деп сенеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

«Астық нарығында бағаның өсуі байқалады, бірақ біз соған байланысты бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірледік және астық нарығында кез-келген жағдайда нанның ішкі бағасын ұстап тұру үшін «Азық-түлік корпорациясы» қоры  есебінен ұн тартушыларды және нан шығаратын кәсіпорындарды белгіленген бағамен қамтамасыз етуге дайынбыз», -  деді  Мамытбеков журналистерге.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

19 шілде 2012, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.