Атырау, 20 сәуір 06:51
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Бүгінгі – “провокатор”, ертеңгі – “террорист”», «"Жануарлар фермасы" немесе Лимонов Қазақстанға неге өш?..», «Ресейліктердің жартысынан көбі наразылыққа шығуға дайын», «Мәдина Ералиеваға сараптама жасаған дәрігер құпияның бетін ашты».

2 415 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ресейліктердің жартысынан көбі наразылыққа шығуға дайын» - Ресейліктердің жартысынан көбі (53 пайыз) зейнет жасын ұзартуға қарсы наразылық шараларына қатысуға дайын екендерін мәлімдеді. «Левада-центр» жүргізген сауалнама осыны көрсеткен.

«Жұмысшылар “наразылықтан соң қудаландық” деп шағымданады» - «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына қызмет көрсететін Techno Trading LTD мекемесінің қызметкерлері жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен былтырғы наразылықтан соң «жаппай қудалауға ұшырағандарын» айтады. Компания басшылығы мұны «жалған ақпарат» деп санайды.

«Шариғат пен мектеп қатынасы ушығып тұр» - Бішкекте кейбір сарапшылар ата-аналар діни көзқарастарын балаларға таңбауы керек деп мәселе көтерді. Білім министрлігі былтыр 2000-ға жуық бала осындай себеппен мектепке бармағанын айтады.

«Ердоған Қырғызстандағы «гүленшілер» мәселесін түбегейлі шешпек» - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қырғызстандағы «гүленшілер» мәселесін қайтадан көтерді. Бішкек оны түбегейлі шешу үшін күш салады деп үміттенеді.

ABAI.KZ. «Бүгінгі – “провокатор”, ертеңгі – “террорист”» - Министр не деді? Министр: «Хиджабқа келер болсақ, мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Оқшаулап оқытуға келсек, оқшаулап оқыту мен діни оқытуды шатастырмаған жөн. Оқытудың түрі қандай болса да, мектеп бағдарламасы бірыңғай. Ол солай болып қалады. Сондықтан, кез келген оқыту түрі, кез келген мектепте ортақ. Ол – мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары бойынша жүргізіледі. Біз қабылдаған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл бәріне қатысты», - деді.

AIKYN.KZ. «”Болашақ”: мамандар үміт ақталды… бапталды» - Ағылшын тілі үстемдік құрған дәуір дәл қазіргі сәтте жер бетіне билігін тұтас орнатып үлгерді. Ағылшыншаң ақсап тұрса, алға аттап басу қиын. Білмегендер бұл тілді үйреніп, үйренгендер одан әрі жетілдіріп жатыр. Себебі, енді аз жылдан соң қызметке тұру, мансабыңды өсіру, қабілетіңді дамыту, шығармашылығыңды шыңдау – бәрі ағылшын тіліне келіп тірелмек. 

JASQAZAQ.KZ. «Мәдина Ералиеваға сараптама жасаған дәрігер құпияның бетін ашты» - Осыдан 18 жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан қазақтың біртуар азаматшасы Мәдина Ералиеваның денесіне сараптама жасаған дәрігер өзін таңғалдырған жайт жайлы айтып берді.

ULT.KZ. «"Жануарлар фермасы" немесе Лимонов Қазақстанға неге өш?..» - Неге екенін қайдам, біздің қоғамда өлі тыныштық!.. Әрине, мемлекеттің жаңа тарихында қалған "Жер дауы" мен "Сайрагүлдің сотына" дейін де, олардан кейін де айтылып жатқан әңгімелер мен көтеріліп жатқан мәселелердің толқыны шығар да шықпас үнмен желі деген алып кеменің қабырғасын арадік соғып тұрды, соғып тұрды. 


4 қыркүйек 2018, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.