Атырау, 27 сәуір 09:54
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр

1 466 просмотра


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев медициналық көмек сапасын әлі де болса көтеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде денсаулық сақтау желісі дамыған, оны жақсы білесіздер. Дегенмен де, халық әлі де болса,  сапалы медициналық көмек ала алмай келеді, әсіресе ауылдық жерлерде. Сондықтан бүгін министр ұсынған медициналық көмек сапасын жақсарту бойынша шараларды қолдайық. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесіп ұсынылған шараларды тиімді іске асыруды тапсырамын", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Премьер-министр Астана әкімдігінің тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын емханалар ашу бастамасын қолдап, басқа өңірлерде де осы тәжірибені енгізуді тапсырды.

"Жаңа Әсет Өрентайұлы (Астана әкімі – автор ескерт.) жақсы ақпарат берді: жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жұмыс жүргізу, емхана санын көбейту, дәрігерге жүктелген адамдардың санын төмендету… Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын емханалар салынғаны жөн. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің орынбасары – автор ескерт.), үйлердің жобасын жасаған кезде, бірінші қабаттарда балабақшалар мен шағын медициналық нысандар ашуға мән беру керек. Кәсіпкер инвестиция тартуға ниетті. Осы бағытта жұмыс жүргізу қажет", — деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ Сағынтаев денсаулық сақтау министрлігі мен ақпарат министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, адамдардың сапалы медициналық көмек алуын жеңілдететін жаңа технологиялар туралы халық арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

"Бұл жұмыс толыққанды жүрмей отыр. Осыған баса назар аударыңыздар", — деді ол.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

 

4 қыркүйек 2018, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.