Атырау, 26 сәуір 15:38
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

1 272 просмотра


Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) сапасын жақсарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесі қандай болатынын атап өтті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейін МСАК сапасын жақсарту мақсатындағы шаралар елімізде дәрігерлердің жалақасын жоғарылатуға септігін тигізеді.

«МСАК ұйымдарындағы медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға , 2019 жылы МСАК дәрігеріне көріну санының 30% өсіруге мүмкіндік береді. Сапаны арттырудың экономикалық ынталандыру факторын құруға, 2020 жылға дәрігерлердің орташа жалақысының еліміз бойынша орташа жалақыға қатынасын 110 % (қазір 85%) жеткізуі тиіс. Кадрлармен жасақтауды қамтамасыз етуге, медицина қызметкерлерінің құзыреті мен уәждемесін арттыруға, МСАК 1 дәрігеріне бекітілген халық санын 2020 жылға 1700-ге дейін төмендетуге ықпал етеді. Медициналық қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жалпы көлемінде МСАК қаржыландыру үлесін 2021 жылға 50% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді министр.

 

Дереккөз: baq.kz

4 қыркүйек 2018, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.