АСТАНА. 19 шілде. BAQ.KZ - Владислав Челахтың психиатриялық сараптамасының нәтижесі бүгін жариялану керек болатын. Алайда ол 20 шілдеге шегерілді.
Челахтың анасы Светлана Вещенконың айтуы бойынша оған бүгін таңғы 10 шамасында қорғаушы Төлеген Берліқожанов хабарласып, прокурор Астанадан Алматыға қарай әлі ұшаққа отырмағанын айтқан. «Сараптама нәтижелері 20 шілдеде дайын болады. Бүгін кездесулер де болмайды» - деді дейді Ващенко.
Қазір Челахтың туған-туыстары баласымен тағы бір жүздесу мүмкіндігі болар деген үмітпен Алматыға келген.
«Арқанкерген» шекарасында әскери қызметкерлердi өлтiрді деген күдікті 19 маусымнан бастап Алматыдағы Республикалық психиатрия, психотерапия жане наркология ғылыми-тәжірибелік орталығында тексеруден өткізілуде.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 30 мамырда "Шығыс" аймақтық «Үшарал» шекара жасағының "Сары бөктер" шекара заставасының наряды "Арқанкерген" бекетінен жанып кеткен 15 адамның мүрдесін тапқан болатын.
"Арқанкергенде" тірі қалған жалғыз шекараны Владислав Челах бұл қырғынды өзі жасағанын мойнына алған.
Дереккөз: BAQ.KZ