Атырау, 23 сәуір 20:29
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Президенттің не ойластырғаны бар екен?», «Иманғали Тасмағамбетов жақында жаңа қызметке келеді», «Бостон терроршысы үшін сотталған Қадырбаев босады», «Ердоған Қырғызстандағы “гүленшілер” мәселесін түбегейлі шешпек», «Қытай Ауғанстанда әскери база сала ма?

3 160 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ердоған Қырғызстандағы “гүленшілер” мәселесін түбегейлі шешпек» - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қырғызстандағы «гүленшілер» мәселесін қайтадан көтерді. Бішкек оны түбегейлі шешу үшін күш салады деп үміттенеді.Атамбаев "төңкеріске дайындық" қауесетін жоққа шығарды» - Экс-президент Алмазбек Атамбаев жетекшілік ететін Қырғызстан социал-демократиялық партиясы қазіргі билікті сынап мәлімдеме таратты.

«Қазақстан мен Жапония кинематографтары бірге кино түсіреді» - "Барымташылар" деп аталатын қазақ-жапон бірлескен кино жобасын түсіру кезеңі басталғаны белгілі болды. Қыркүйектің 1-інде фильм Алматы облысында түсіріле бастады. Фильмнің екі режиссері бар - Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиса Такеба (Жапония). 

«Захарченконың қазасынан кейінгі Донбасс» - Донецк пен Луганскіде 3 қыркүйекке дейін аза тұту жарияланды, мектептер тек сейсенбіден бастап жұмыс істемек. Қазіргі қаралы күн Иосиф Кобзонды жоқтаған үш күндік аза тұтуға ұласты. Александр Захарченко мерт болған соң Донецкіде "Министрлер кеңесі" шұғыл жабық жиын өткізіп, өзін-өзі "республика" деп жариялап алған Донецк басшысының міндетін атқарушы етіп Дмитрий Трапезниковті сайлаған.

«БАҚ Шыңжаң туралы: мұсылман елдерінің үнсіздігі және "Магнитский заңын" қолдануға шақыру» - Батыс баспасөзі Қытайды "қайта тәрбиелеу лагерінен" тұтқындарды босатуға шақырған БҰҰ сарапшыларының пікірлері, Қазақстандағы Telegram қолданушыларға қарсы алғашқы сот процесі және әлемдегі ақбөкен санының азаю қатері жайлы зерттеулер туралы жазған.

«Қытай Ауғанстанда әскери база сала ма?» - Қытай Ауғанстанда әскери база ашу туралы ақпаратты жоққа шығарып, Кабулмен тек "әскери қауіпсіздік туралы қалыпты қарым-қатынас" орнатқанын мәлімдеді.

«Бостон терроршысы үшін сотталған Қадырбаев босады» - Бостондағы жарылысқа байланысты алты жылға сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босап шықты. АҚШ ақпарат құралдарының хабаралуынша, оны енді Қазақстанға депортациялайды.

«Cотталушыларды қамауда қалдырды» - «Жиһадшылар ісі» бойынша сот процесінде төрағалық етуші судья 51 жастағы Кенжебек Әбішев, 47 жастағы Оралбек Өміров пен 43 жастағы Алмат Жұмағұловтың ісі бойынша алдын ала тыңдау кезінде қорғаушылардың өтінішіне қатысты шешімін жариялады.

TURKYSTAN.KZ. «Той мен ой таразыға түссе...» - Жер дейтін алып ғаламшарды мекен еткен 7 миллиардтан астам адамзаттың қай-қайсысы да қуанышты сәтін атап өткісі келеді. Қазақша айтсақ – той! Осы дәстүр тура мағынасына ойысып, тойып ішіп-жеу сөзінен әрі аса алмай қалды дейді жұрт.

AIKYN.KZ. «Салық жеңілдігі – әлеуметті қолдау» - Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің екінші бастамасында «жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салықтық жүктемесін азайтуды» тапсырған болатын. Яғни, Елбасы салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды ұсынған еді. 

365INFO.KZ. «Президенттің не ойластырғаны бар екен?» - Бірінші қыркүйекте Қазақстанда жаңа оқу жылымен қатар жаңа саяси науқанның басталатыны бесенеден белгілі дүние. Жазғы каникулдарынан оқушылар мен бірге дпуттаттар да оралса, министрлер мен әкімдер де кезекті еңбек демалыстарынан кейін креслоларына жайғасады.

«Иманғали Тасмағамбетов жақында жаңа қызметке келеді» - Сарапшы Ербол Еділов өзінің YEDILOV ONLINE телеграм-парақшасында ел билігінің жоғары эшелонында жақын арада қандай өзгерістер болатынын болжайды.


3 қыркүйек 2018, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.