Атырау, 2 қараша 23:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

“Арқанкерген” бекетінде марқұм болған әскерилердің құрметіне естелік тақта орнатылады

2 595 просмотра

АСТАНА,  19  шіл –Қазақстан жаңалықтары АА.  “Арқанкерген” бекетінде марқұм болған әскерилердің ата-аналары, марқұмдардың туған-туыстары Қазақ-қытай шекарасындағы бекетте құдайы тамақ беріп, әскери бөлім басшылығымен жолықпақ деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Сол қанды қырғында бақилық болған Нұржас Үсіпәлиевтің анасының айтуынша, әскери бөлім басшылары бұл бастаманы қолдап отыр. Тіпті басты айыпталушы Владислав Челахпен де бетпе-бет кездестіруге уәде еткен көрінеді. Қара жамылған ата-аналардың басым бөлігі Челахтың қызметтестерін қырып тастады дегенге сенгісі жоқ. Сондықтан, оқиға орнына барып, тергеу мәліметтерімен жеке таныссақ көп мәселенің беті ашылар еді деген үмітте.

Сондай-ақ, заставасында опат болған әскерилерге естелік тақта ашу да жоспарланып отыр.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

19 шілде 2012, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.