Атырау, 16 сәуір 12:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

«Қырғызстанның Арал мәселесіндегі талабы қандай?», «Ядролық полигон құрбаны үрейге толы балалық шақты бастан кешкенін айтады», «Атамбаев "төңкеріске дайындық" қауесетін жоққа шығарды», «Жаңа оқу жылында қандай жаңалықтар бар?».

1 934 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Атамбаев "төңкеріске дайындық" қауесетін жоққа шығарды» - Экс-президент Алмазбек Атамбаев жетекшілік ететін Қырғызстан социал-демократиялық партиясы қазіргі билікті сынап мәлімдеме таратты.

«Татарстан мен Башқұртстан екі аймақта қалмақ» - Ресей экономикалық даму министрлігі елді 14 макроаймаққа бөлуді ұсынады. "Idel.Реалии" сайты Мәскеудің жаңа бастамасының саяси астары мен экономикалық ұтымдылығын зерттеп көрді.

«Қырғызстанның Арал мәселесіндегі талабы қандай?» - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде Орталық Азияға бөлініп жатқан су үшін өтемақы төлеу мәселесін көтерді.

«Зағипқа өз мамандығымен жұмыс табу арман болды» - Қазақстандық Руслан Башаев көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедек болғанына қарамастан жоғары музыкалық білім алды. Енді мүгедектікке берілетін зейнетақыға өмір сүргісі келмейді, мамандығы бойынша жұмыс табуды армандайды.

QAMSHY.KZ. «Ресейдің парша-паршасы қалай шығады?» - Патшалық Ресейдің ыдырауына тиянақты факторлар әсері.

INFORMBURO.KZ. «Жаңа оқу жылында қандай жаңалықтар бар?»- 5, 6, 7- сынып оқушылары өз өлкесі туралы арнайы оқулықтан оқитын болады. Ал қыркүйектен бастап 3, 6, 8- сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша оқуға көшеді.

«Ядролық полигон құрбаны үрейге толы балалық шақты бастан кешкенін айтады» -Қазақстан атом бомбасының зардабын жапон елінен кем тартпады. Ал оның кесірінен кемтар болып дүниеге келген балаларды ата-аналары ешкімге көрсетпей баққан.

AIKYN.KZ. «Біз қаншамыз және қалай өсіп келеміз?» - 1991 жылдың 16 желтоқсанында республикамыздың тәуелсіздігі жарияланды. Міне, сол өткен 27 жылдың ішінде егемен ел ретінде осы уақыт аралығында Қазақстан халқының демографиялық жағдайында үлкен өзгерістер болды. 

«Ойыншықтар өндірісі: отандық кәсіпкерлер көзімен» - Бәріміз ойыншық ойнап өстік. Ол кезде қолымыздағы қуыршақтың қайдан келгеніне ой жүгіртіп, «отандық ойыншықтар неге жоқ?» деген сауалға жауап іздеп көрген емеспіз. Біз хат танығалы Қытайдан келетін арзан ойыншықтардың зияны туралы бала денсаулығына алаңдағандар біраз жазды. Бұрын мазаламаған сұрақтар назарыңды еріксіз аудара бастайтын жасқа келгенде, мен де отандық ойыншық жасайтын кәсіпкерлерді іздеп, пікірін білуге асықтым. Бүгінгі материалда байланысу мүмкіндігі туған қос кәсіпкер Қазақстанда ойыншық өндірісі неге жолға қойылмағанын, бұл салада кәсіп жүргізудің қандай қиындықтары барын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

«Бейресми жұмыс: ол қандай жұмыс?» - Бүгінде жұмыспен қамту мәселесі – Қазақстан ғана емес, күллі әлемде өзекті. Өйткені жұмыспен қамту көрсеткішін жоғары деңгейге жеткізу – мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі.


29 тамыз 2018, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.