INFORMBURO.KZ. «Қытайдағы қазақ мәселесі: Қытайға барған делегация не дейді? Мәселенің мәні неде?» - Қытайға барған делегация не бітірді? Қандастарымызға жасалған қысым қашанға дейін созылады? Қытай қандай қадам жасамақ? Мәселенің шешімін қалай тапқан дұрыс?
ABAI.KZ. «Балқаш көлі Аралдың кебін кигелі тұр» - Балқаш – еліміздегі ең ірі көлдердің бірі. Көлемі бойынша Каспий мен Арал теңізінен ғана кіші. Ұзындығы 600 шақырымнан асатын Балқаш өзіне иек артқан халықтың өзегін талдырмай асырап келе жатқанына тарих куә. Алайда, жергілікті биліктің жауапкерсіздігінен Балқаш көлінің батыс бөлігі суалып, Аралдың күйін кешу қаупі төніп тұр.
«Ли Бо қытай ма, қырғыз ба, қазақ па?» - Қазақ тілінде Елібай, бүкіл әлемге Ли Бо есімімен танылған, шығыстағы көрші қытай елі Ли Бай немесе «Періште ақын» атап аса құрметпен дәріптейтін ұлы ақынның өмірі Түркі дәуірімен, сондай-ақ, түркінің бір бұтағы қазақ ұлтының тарихымен етене тығыз байланысты екені зерттеліп анықталды.
TURKYSTAN.KZ. «Үш тілді білім беру – заман талабы» - Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімнің салтанат құруына айрықша тоқталғаны белгілі. Қазір Жамбыл облысында аталмыш бағдарламада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында маңызды жұмыстар атқарылып келеді.
QAZAQUNI.KZ. «Басты байлығымызды неге бағаламаймыз?» - Егеменді еліміздің Атазаңының бірінші бабында мемлекетіміздің басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы мен еркіндігі екендігі алдымен атап айтылған. Осы заңның 29-бабында Қазақстан азаматтары денсаулығын сақтауға, тегін кепілдендірілген медициналық көмек алуға құқылы екендігі де тайға таңба басқандай көрсетілген.
QAZAQTIMES.COM. «Сажит Али: Шетелдегі қазақ азаматы ретінде туған тіл мәселесі атажұрттағы басты кемшілік дер едім» - Тарихтың тарғалаң бір тұсында тағдыры қыспаққа түскен қазақ баласының дәм-тұзы қайда шашылмаған. Тұран кіндігі Алтайдан Гималай асып Анадолыға жеткен қазақтардың бүгінгі ұрпақтары Еуропаның жер-жеріне тарап отыр. Қарт құрлыққа бытырай тараған қандастар ғылымы мен техникасы озық жұртта да көшінен қалыспай, өзінің шаруашылығын дөңгелетіп, бір жағынан ұлтын ұлықтап, қазақ атын қайда болмасын биік көтеріп жүр. Аустрияның (Австрия) Вена қаласында тұратын қазақтардан құралған «FC Vienna Kazakh» танымал футбол командасы соның бір дәлелі. Аталған құраманы Венадағы қазақ мәдени қауымдастығының жетекшісі, қандасымыз Сажит АЛИ басқарып отыр.
AZATTYQ.ORG. «"Мойындауды мойындамау" саясатына 10 жыл толды» - Грузия Ресейден Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартып, аймақтан әскерін шығаруды талап етеді. Тамыз оқиғасына 10 жыл толғандағы жағдай қандай?
«Қырғызстанда зейнеткер мұғалімдер қысқартылмақ» - Қырғызстан Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылында мұғалімдердің жүктемесін азайту арқылы білім сапасын көтеру жоспарын жариялады. Өзгеріс үш мың ұстазға әсер етпек.
365INFO.KZ. «”7-20-25” ипотекасын кім үшін ойлап тапқан?» - Жұмыс істейтін жұрттың бәріне қолжетімді болады деген жаңа ипотекалық бағдарлама өтірік екен. Табысы төмендер оған қатыса алмайтын болып шықты, деп жазады informburo.kz.