Атырау, 21 мамыр 01:21
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Назарбаев: Сириядан оралғандарды ұдайы бақылау керек

1 386 просмотра


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің (Сырбар) директоры Ғабит Байжановпен кездесіп, террорлық идеяларды ұстанушыларды, оның ішінде Сириядан оралғандарды ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Байжанов Назарбаевқа сыртқы барлау қызметінің биылғы жылдың алғашқы жарты жылында атқарған негізгі қызметі туралы есеп берді. Назарбаев оған Қазақстанның көрші елдермен достық қарым-қатынасын сақтап қалудың маңызды екенін айтып, шетелдердің арнайы органдарымен тығыз қарым-қатынаста болу керегін еске салды.

Президент террорлық идеяларды ұстанушыларды үнемі қадағалап отыру - Сыртқы барлау қызметінің негізгі бағыты саналатынын айтып, Байжановқа бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге жуық Қазақстан азаматы кеткенін, олардың көбі – балалар екенін хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, Сириядағы әскери қақтығыс басталғалы 112 қазақстандық (61 ер және 51 әйел) елге қайтарылған.

 

Дереккөз: azattyq.org

27 тамыз 2018, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.