Атырау, 19 сәуір 12:52
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Шекара мәселесі шешілген күн», «Түркіменстан: құрдымға кеткелі отырған мемлекетте не болып жатыр?», «Қазақстанда инклюзивті білім беру қат», «Саяси қайраткерге айналған соғыс ардагері», «Сепаратистік өлкелер: Шығыс Украина мен Қырым тауқыметтері».

1 868 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Саяси қайраткерге айналған соғыс ардагері» - АҚШ Сенатына Аризона штатынан алты мәрте сайланған республикашыл саясаткер, Вьетнам соғысында алты жылдай тұтқын болып, азаптаудан аман шыққан қаһарман Джон Маккейн 81 жасында дүние салды.

«Британдық Ақтөбеге жер аударылған әжесі туралы зерттеп жүр» - Үш жыл бұрын британдық Майкл Даниэль Сагатис 1940 жылы Батыс Белоруссиядан Қазақстанға депортацияланған үлкен нағашы әжесінің ескі хаттарын тауып алған. Әжесінің ұлты – поляк. Өз отбасының тарихын зерттеу үшін ол бірнеше елді аралаған әрі оны медиажобаға айналдырған.

«Қазақстанда инклюзивті білім беру қат» - Қазақстанда ерекше мұқтаждығы бар бала саны артып келеді. Кейбір деректер бойынша, Астанада 400 бала үйде оқып отыр. Елде оларға инклюзивті білім беретін оқу орындары аз. Ата-аналар, белсенділер мен білім беру мамандары мәселені шешудің жолдарын бірлесе талқылап жатыр.

«Декреттік демалыстан кейінгі жеңіс» - Қазақстандық каратэші Гузалия Гафурова Джакартадағы Азия ойындарында чемпион атанды. Бұл – екі жылдық үзілістен кейін татамиге қайта оралған спортшының алғашқы жүлдесі.

365INFO.KZ. «Түркіменстан: құрдымға кеткелі отырған мемлекетте не болып жатыр?» - Түркіменстанда инфляция 100 пайыздан асып кеткен, елде азық-түлік тапшы, ал билік жалған статистика құрастырумен әлек, дейді тәуелсіз журналистер. Билік халықты ғана емес, өзін де алдау үшін өтірік жетістіктер жайында жалынды мәлімдемелер жасауда, деп жазады Eurasianet.

«Шекара мәселесі шешілген күн» - 1920 жылдың 26 тамыз күні – Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөніндегі декрет дүниеге келді. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, қазақ жұртының қылышынан қан тамған қызыл империяны мойындатып, өз алдына ірге көтеруі оңай болған жоқ.

QAMSHY.KZ. «Сепаратистік өлкелер трагедиясы: Шығыс Украина мен Қырым тауқыметтері» - 1968 жылы КСРО Чехословакияға басып кірді. Сонда бірнеше орыс демократы Мәскеу Қызыл алаңында наразылық білдіріп, шағын қарсылық акция жасапты. Оларды КСРО үш әріптері он минуттен кейін ұстап алған болатын. 

AIKYN.KZ. «Декретке шығу: 1 миллион теңгені алу үшін не істеу керек?» - Қазақстанда декретке шыққан азаматтарға мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақылар бар. Оның көлемі жарты миллионға жетпейді. Дегенмен, одан екі, тіпті үш есе артық жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Ол үшін әлеуметтік жарналарды ай сайын аударып отырған жөн.

«Аналар галереясы – ақын жырында» - Ақ Жайықтың «Ақ шағаласы» атанған қоғам қайраткерін оқырман қауымға таныстырып жатудың өзі артық. Әңгiме аппақ келбетiмен ғана емес, жүрекжарды жырларымен, тiптi өзiнiң есiмiмен ерекшеленiп тұратын ақын Ақұштап Бақтыгереева жайлы болып отыр. 


27 тамыз 2018, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.