Тамызда біз «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалы, «Атырау су арнасы» КМК және «Жылыойсу» КМК-леріндегі тексерістер туралы хабарлаған едік («Нан алуға жетеді», «Нан алуға жетеді-2», Нан алуға жетеді-3»). Тұтынушылар тарапынан төленген артық төлемдерге байланысты уақытша өтемақы тарифтері енгізілген болатын. Бұл жағдай «Атырау Жарық» АҚ-нан айналып өтпеді.
Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде хабарлағандай, таратушы электр желілік компанияның негізсіз табыс сомасы 31,1 млн теңгені құраған. Бұл соманы қайтару үшін де уақытша өтемақы тариф бекітілді. Осыған байланысты тұрмыстық тұтынушылар үшін 2018 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсан аралығында электр энергиясының арзандауы туралы «АЖ» тілшісіне «Атырауэнергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА хабарлады.
Электр плиталарын қолданатындарға: 1-деңгей (тұтыну көлемі - 110 кВт/с) –1 кВт/сағатқа - 4,6 теңге, 2-деңгей (110-нан 190 кВт/с дейін)– 6,06, 3-деңгей (190 кВт/с-дан жоғары) – 7,58 теңге.
Стационарлық электр плиталарын пайдаланатындарға: 1-деңгей (тұтыну көлему - 90 кВт/с) - 4,39 теңге, 2-деңгей (90-нан 170 кВт/с-ға дейін) - 6,06, 3-деңгей (170 кВт/-дан жоғары) - 7,58 теңге. Топтар тарифтері тұтыну көлемінің айырмасында сәйкес келуі мүмкін.
Айтпақшы, атыраулықтарға шілде айында электр қуаты үшін ұсынылған шоттарда үлкен көрсеткіштер берілгені туралы әлеуметтік желілерде көп талқыланды. «АЖ» жоғарыда аталған департаментке осы сандарға тексеру жасауды өтініп хат жолдады. Міне, департаменттен жауап келді. Онда «Атырауэнергосатудың» абоненттерге жіберген кейбір шоттарына тексеру жүргізілген, бұзушылық анықталмады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ