Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалынан 30 млн теңгеден астам көлемде негізсіз табыс тапқанын анықтап, осы ақшаны қайтару үшін тұтынушыларға газ тасымалдау қызметтеріне уақытша өтемақы тарифін бекітті.
- Бұл уақытша тариф мың текше метрге 1721,26 теңгені құрайды, яғни, 3 пайызға азаяды және 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін қолданыста болады, - деп хабарлады департаментте.
Мысал келтірейік. Атыраудағы жеке секторда тұратын 5 адамнан құралған отбасы жазда газ үшін орташа алғанда айына 500 теңге, қыста - он есе көп төлейді. 5 мыңның үш пайызы - 150 теңге. Бұл, айталық, екі жарым нанның бағасы.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ