Атырау, 21 мамыр 01:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

БЖЗҚ инвестициялық табысы 7 айда 450 млрд теңге болды

1 824 просмотра



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 7 айдағы есептелген инвестициялық табысы былтырғыға қарағанда 42% артып, 450 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Үстіміздегі жылдың шілде айының аяғында БЖЗҚ инвестициялық қоржынының жиынтық құны 8,6 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғы 7,3 трлн теңгеден 17,9% артық. Инвестициялар құнының ең жоғары пайыздық өсімі ақша және басқа активтерде - 168,1%, шағын несие ұйымдарының құнды қағаздарында 98,4% және мемлекеттік құнды қағаздарда - 30,8% байқалды. Үлескерлік қатынасында қоржын құрылымы өзгере қойған жоқ, негізгі инвестициялар ҚР мемлекеттік құнды қағаздарында (47,5% немесе 4,1 трлн теңге) болып отыр. Одан кейінгі орындарда ҚР ұйымдарының құнды қағаздары - 24,5% немесе 2,1 трлн тенге және шет мемлекеттердің құнды қағаздары - 11,2% немесе 964,9 млрд теңге тұр. 

БЖЗҚ портфелінің нарықтағы құнының орташа өсімі жыл басынан бері - 10,3% құрады. 2018 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыс 449,7 млрд теңгені құрады. Бұл - 2017 жылдың осы кезеңімен (316,3 млрд) салыстырғанда 42,2% артық. Негізгі табыс құнды қағаздар, салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақылардың есебінен алынып отыр. Былтыр 300,1 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 312,9 млрд теңгені құрап отыр. Шетелдік валютаны қайта есептеу есебінен табыс 119,3 млрд теңге болды. БЖЗҚ инвестициялық қоржынының басты валютасы - теңге, ұлттық валютадағы инвестициялардың үлес салмағы 67,7% немесе 5,8 трлн теңгеге жетті. 

Қоржын құрылымындағы маңызы жағынан екінші валюта - АҚШ доллары болып отыр. Оның үлес салмағы - 31,9% (2,7 трлн теңге). Ресей рублінің үлесі 11,4% қысқарып, жалпы қоржынның небәрі 0,4%-ын немесе 30,4 млрд теңгені құрады. Басқа валюталардағы инвестициялардың үлесі 0,1%-дан, яғни 8,2 млрд теңгеден аспайды.   

 

Дереккөз: inform.kz

 

 

27 тамыз 2018, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.