Атырау, 21 мамыр 00:26
 ашықВ Атырау +20
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Дархан Нортаев - Азиада чемпионы

1 823 просмотра



Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Дархан Нортаев джи-джитсудан ерлер арасында 62 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Омар Ал-Фадхлиді (БАӘ) жеңді.

Қазақстан спортшысы финалға дейін Бахрейн, Филиппин, Қырғызстан, БАӘ спортшыларыннан басым түскен.

Нортаев джи-джитсуден 2016 жылғы әлем чемпионы атанған. 2017 жылғы әлем біріншілігінде қола алған. Биыл Ақтауда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен.

Қазір Қазақстан 4 алтын, 7 күміс, 27 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Дереккөз: azattyq.org

 

25 тамыз 2018, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.