Атырау, 13 мамыр 04:00
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Саясаттанушы: Қазақстанда үкімет ауысуы мүмкін

2 107 просмотра



Қазақстанда үкімет ауысып, аймақтық әкімдіктерде ауқымды өзгерістер болуы мүмкін. Мұндай болжамды саясаттанушы Талғат Қалиев жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Kaliyev channel атты авторлық Телеграм-арнасында ол "1 қыркүйекке жоспарланған палата отырысы жаңа кадрлық ауыс-түйістер болады деген болжамның туындауына себеп болғанын" сөз етті. Саясаттанушының сөзіне сенсек, тұрғындар арасында үкімет қайта ауысады деген сыбыс тараған.

«Орынсыз емес. Себебі, өзгерістер расымен болатындай күйге жетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың кадрлық ауыс-түйіс жасау ниетін жанама түрде растайтын бірден бір әрекет, ол Атырауда полицейлерді сынға алу мен полицияда грузиялық модельге сәйкес реформа жүргізуді сөз ету.

Ол Атырау ІІД басшысының казинодағы видоесы туралы біліп жүргені анық. Азаматтардың қандай көңіл-күйде жүргенінен де хабардар. Ол бар мәселені өз қолына алып, керемет саяси форманы көрсетуде.

Яғни, қоғамдық резонанс басылғаннан кейін билік әлеуетті құрылымдарды реформалауға кіріседі", - дейді Қалиев.

Саясаттанушы аймақтарға жасалған іссапарлар "әкімдік секторда да айтарлықтай ауыс-түйіс болатынын аңдатады" деген пікірде. Бір сөзбен айтқанда, "министрлер кабинеті барынша ауысатын болады".

"Алайда бұл дәл бірінші қыркүйек күні бола қоймайтыны анық. Бұл отырыс жопарлы түрде өтеді және парламенттің кезекті сессиясына арналған", - дейді ол.

 

Дереккөз: nur.kz

 

25 тамыз 2018, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.