Атырау, 26 сәуір 01:33
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Аралды құтқару қорының қаржысы жоқ», «Қытайда қамалғандардың туыстары көмек сұрады», «2050 жылға дейін қош бол, Байқоңыр!», «Қазақ өзбекке қашан жетеді? Ешқашанда…», «Қазақстанның газ саласы: біз не бітірдік, енді не істейміз?».

2 014 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Аралды құтқару қорының қаржысы жоқ» - Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының орынбасары Марат Нарбаев теңізді қалпына келтіру жоспары мен қиындықтары туралы Азаттықпен сұхбат құрды.

«20 келі қазы және мультимедалист» - Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында бокс жарысы басталды. Қазақстан бокс құрамасының жоспары қандай?

«Қытайда қамалғандардың туыстары көмек сұрады» - «Туыстарымыз Қытайда заңсыз қамалды» деген бір топ қазақстандық азамат Алматыда баспасөз жиынын өткізді. Олардың айтуынша, Шыңжаңға барған туыстарының кейбірі сегіз ай бойы қамауда отыр.

«Украина тәуелсіздік күнінде әскери шеру өткізді» - Тамыздың 24-інде әскери шеруде сөйлеген президент Петр Порошенко Еуропа Одағы мен НАТО құрамына кіру мәселесін конституцияда бекітуді табанды түрде талап ететінін мәлімдеді.

ABAI.KZ. «2050 жылға дейін қош бол, Байқоңыр!» - Астанадағы адам факторынан болған апатты (жауыннан кейін пайда болған суды айтамын) айтып, Исекешевтің ит терісін басына қаптап жатқанымызда, орман жақтағы одақтасымыз «Байқоңырды» «меншіктеу» мерзімін ұзартып жатыр екен. Сол жайында жазамын.

365INFO.KZ. «Қазақ өзбекке қашан жетеді? Ешқашанда…» - Ислам-әка Каримов дүниеден озып, билікті Шавкат Мирзияев алғалы өзбектің тасы өрге домалады. Аты оза шапты.

«Қазақстанның газ саласы: біз не бітірдік, енді не істейміз?» - Газ саласы – бүгінде Қазақстан экономикасының нақты секторындағы ең маңызды сала. Тіпті мемлекеттің болашағы да ендігі жерде көп жағдайда осы саланың дамуымен байланысты десек те болады.

AIKYN.KZ. «Венчурлік қаржыландыру : тәуекелі де, табысы да жоғары» - Жақында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

«Ильинге қарсы шыққан танымал қазақстандық ауыр атлет 8 жылға спорттан шеттетілді» - 2009 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанып, қазақстандықтарға қуаныш сыйлаған танымал спортшы Владимир Седов сегіз жылға үлкен спорттан шеттетілді.


25 тамыз 2018, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.