Атырау, 13 мамыр 02:51
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет халыққа жұмсалмақ

788 просмотра



Алдағы үш жылда Қаржы министрлігі әлеуметтік салаға басымдық береді.

Қаржы министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасын қоғам мен бизнеске таныстырды. Негізгі шығындар адам капиталын, экономиканың нақты секторларын дамытуға, күш құрылымдары мен жалпы мемлекеттік шығыстарға қарастырылған.

"Республикалық бюджеттің шығындары 2019 жылы 10,6 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 16,7%, 2020 жылы 11 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 16%, 2021 жылы 11,4 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 15,3 % болады", — деп хабарлады қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельев мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында.

Қаржы министрлігі үкіметтің ел азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелеріне басымдық берілетінін атап өтті. Әлеуметтік саланың шығыстары 2019 жылға 4,7 триллион теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл жалпы шығыстардың 44,1% және осы жылдың жоспарынан 463 миллиард теңгеге жоғары. 

 

Дереккөз: sputniknews.kz

25 тамыз 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.