Атырау, 26 желтоқсан 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тұрбалар туралы

6 371 просмотра

Жаз мезгілі демалатын уақыт қана емес, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін кез. Бүгінде нарық сумен және жылумен қамту материалдарымен толып тұр. Металл тұрбалар баяғыда-ақ моралдық тұрғыда тозған деп танылуда, ал бүгінгі күні полипропилен және металл-пластик тұрбалар көп сұранысқа ие болған. Олар металл тұрбалардан бағасы бойынша ғана емес, монтаждау технологиясы бойынша да әжептәуір ұтып отыр. Осы нарықтың кейбір ерекшеліктері туралы бізге Атырау полиэтилен тұрбалар зауытының маркетинг жөніндегі үйлестірушісі Ахат СМАДЬЯР әңгімелеп берді.

ҚАҚТЫҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛМЕЙДІ

Полипропилен тұрбалар экологиялық қауіпсіз және зияны жоқ, ал олардың химиялық агрессиялық әсерге төзімділігі су құбырын таттан сақтайды. Бұдан басқа, ішкі қабырғалар тегіс болғандықтан ішкі жағына металлдағыдай секілді тұнбалар тұрып қалмайды. Жыл өткен сайын пластик тұрбалардың өткізгіштік қасиеті төмендемейді.

Полипропилен тұрбалардың 3 түрі бар. Олар – салқын суға, ыстық суға және жылуға арналған арматураланған тұрба. Полипропилен тұрбалардың жұмыс температурасы 70 градусқа дейін болады.

– Егер кемшіліктері туралы айтар болсақ, полипропилен тұрбалар қатты, шірімейді, сондықтан су құбыры бағытының барлық өзгерістері тиісті фитингтермен жарақталуы тиіс. Ол 3-4 метр кесінділер түрінде жеткізіледі, ал бұл жалғамалар санын көбейтеді, - дейді А. Смадьяр.

Металл-пластик тұрбалар тұтынушылар арасында анағұрлым кең таралған.

– Металл-пластик тұрбалар полипропилен тұрбалардың барлық артықшылықтарына ие, бірақ оның өз артықшылықтары да бар. Біріншіден, ол өте икемді, бұл жалғама детальдарына, мәселен, бұрамаларға қатысты үнемдеуге мүмкіндік береді. Олар орамалармен 200 метрге дейінгі ұзындықта жеткізіледі. Бұл қажетті ұзындықтағы су құбырын төсеу кезіндегі жалғамалар санын азайтады, - деп атап өтті біздің кеңесшіміз. – Екіншіден, металл-пластик әмбебап боп келеді. Тұрба ыстық және салқын сумен қамту жүйесін монтаждау үшін, жылу жүйесі үшін және жылы едендер салу үшін қолданылады.     

Металл-пластик тұрбалардың құрастырылған полиэтиленнен жасалған PEX және жоғары термикалық төзімді полиэтиленнен жасалған PERT деген екі түрі болады. Екіншісі полиэтиленнің жаңа түрі боп табылады. РЕХ-тен айырмашылығы жоғары термикалық төзімді PERT-ті дәнекерлеуге болады. Металл-пластик тұрбалар арнайы фитингтермен жалғанады. Жалғамалардың екі түрі болады: пресс-фитингтер және пуш-фитингтер. Пресс-фитингтерді арнайы аспаппен сығу керек. Пуш-фитингтер үшін тек қайшылар мен калибратор ғана керек. Ол кескеннен кейін тұрбаның диаметрін тегістейді. Тұрба пуш-фитингқа нығыздалып орнатылады, содан соң ол пайдалануға дайын болады. Икемділігіңіз болса, пуш-фитингтердің көмегімен жүйені өзіңіз монтаждауыңызға болады. Металл-пластик жүйенің сенімді жалғамалары алюминий қабатының қорғаныс қасиетімен қоса оны қабырғасының түбіне қарай монтаждауға мүмкіндік береді. 

Металл-пластик тұрбалардың жұмыс температурасы 95 градусқа дейін болады.

– Фитингтер бағасының жоғары екенін атап өткен жөн, бірақ бұл жалғамалар санының аздығымен, сенімділігінің жоғарылығымен және әрі қарайғы пайдалану шығындарының жоқтығымен өтеледі, - деп есептейді Смадьяр.

 

ТАҢДАУ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

– Бағалары туралы айтсаңыз. Көпшілік үшін бұл шешуші фактор.

– Полипропилен тұрбалардың құны металл-пластик тұрбаларға қарағанда шамамен 1,3 есе жоғары. Алайда полипропилен тұрбаларға арналған фитингтердің бағасы анағұрлым төмен. Монтаждау бағасы шамамен бірдей шығады.

– Жылу жүйесі үшін қайсысын қолданған жақсы?

– Арматураланған полипропилен тұрбаларды да, металл-пластик тұрбаларды да пайдалануға болады. Екі түрі де температура мен қысымды керемет ұстап тұрады. Алайда жылу тіреушесі үшін металл-пластикті пайдаланған дұрысырақ.

– Қыста су құбыры қатып қалып жатады. Металл тұрбаларды қыздыруға болады, ал пластик тұрба олай етілмейді.  Бұл әжептәуір кемшілік боп табылмай ма?

– Олай деп келісе алмаймын. Су қатып қалса, металл тұрбалар кеңейіп, жарылып қалады. Пластик тұрба болса, жай ғана кеңейеді. Дегенмен, егер су құбырын салудың бүкіл ережелерін сақтаса, бұл проблемаларды болдырмауға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

18 шілде 2012, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.