Атырау, 26 желтоқсан 00:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қолынан келмесе, әкімнің кінәсі жоқ

2 766 просмотра

Қалалық әкімдікте бірқатар негізгі бөлімдердің басшылары ауысты.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың ақпан айында қала әкімі боп Асқар КЕРІМОВ (бұрынғы облыс әкімінің орынбасары) тағайындалғаннан кейін қалалық әкімдікте алғашқы кадрлық ауыс-түйістер орын алып, қалалық сәулет, ТКШ бөлімдерінің, «Атырау Су Арнасы» және «Арнаулы автобаза» КМК басшылары ауысқан еді.

Енді тағы да жұмыстан босату мен жаңа тағайындаулардың кезегі келді. Балықшы поселкелік округінің әкімі Рамазан ІЗДІБАЕВ өз еркімен жұмыстан босатылып, оның орнына Қайыршақты селолық округінің әкімі боп жұмыс істеген Шапхат ҚАЛИЕВ тағайындалды. Осындай анықтамамен қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Кәкім ШАЛТАНОВ та кетіп, оның орнына оның орынбасары Нәсіпқали СТАМҒАЗИЕВ тағайындалды. Басқа жұмысқа (Ж. Досмұхамедұлы атындағы лицейдің директоры) ауысуына байланысты қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА орындығын босатып, оның орнына орынбасары Қайрат ХАБИЕВ отырды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғайни ШОНАЕВ басқа жұмысқа кетіп, орнына Жаннат ДОСҚАЛИЕВА тағайындалды.

Қалалық әкімдікте де қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қайта құрылып, оның басшысы боп Амандық БАЙҚҰТОВТЫҢ тағайындалғаны туралы хабарлады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Нұрлы ХАБИЕВА отбасылық жағдайына байланысты орнын босатты. Оның орнына осыған дейін облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары боп қызмет істеген Баян САБЫРҒАЛИЕВА тағайындалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 шілде 2012, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.