Атырау, 26 сәуір 20:37
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«"Миттал мәселесі" шешімін тапты ма?», «”Қымбат дәрі іздегенше, ауырмайтын жол ізде...” немесе монополистер жайлаған фармацевтика саласы», «Бұрынғы Азия ойындарының допинг анализдері қайта тексеріледі», «4 жылға тағайындалған директорлар».

1 798 просмотра

INFORMBURO.KZ. «Халықтың сүйіктісіне айналған сазгердің шығармалары неге өз нақышында орындалмай жүр?» - "Шәмші әндерін өзгертіп орындау қалыпты дәстүрге айналып барады" дейді Мұхтар Қалдаяқов. Сондықтан әндердің түпнұсқасын жаңа жинаққа топтастырып шығарған.

QAZAQTIMES.COM. «"Миттал мәселесі" шешімін тапты ма?» - Тақырыпты бұлай атауымызға себеп көп. Соның бірі – қарапайым жұмысшы, кеншілердің ереуілі. Ал басты мəселе – еңбек өтемақысының қолға тимеуі. Дағдарыс қос бүйірден қысқанда, халықтың мұңын одан сайын арттырған Миттал кім? Оның басты мақсаты қандай? Сараптап көрелік. 

«”Қымбат дәрі іздегенше, ауырмайтын жол ізде...” немесе монополистер жайлаған фармацевтика саласы» - Бүгінде маңызды мəселенің біріне айналған дəрі-дəрмек бағасының ала-құлалығы жұртшылықты алаңдатуда. Теңге құнсызданған сайын, елдегі фармацевтикалық өнімдердің бағасы да шарықтап тұр. Қаладағы бірнеше дәріханаларды салыстыра отырып осындай шешімге келдік. Ал өзге де мемлекеттермен салыстырғанда отандық препараттардың құны екі-үш есеге жоғары. Сол себепті тұрғындар дәрі алуға қыруар қаржы жұмсайды.

AZATTYQ.ORG. «Бұрынғы Азия ойындарының допинг анализдері қайта тексеріледі» - Азия олимпиада кеңесі спортшылардан он шақты жыл бұрын алынған допинг сынамаларын қайта ашып, тексеретіндерін мәлімдеді.

EGEMEN.KZ. «Арал тағдыры – адамзат тағдыры» - Бүгін Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді.

TURKYSTAN.KZ. «4 жылға тағайындалған директорлар» - Жазғы демалыс мерзімі аяқталып, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Әр оқу жылының басында білім беру жүйесіне әйтеуір бір жаңалықтың енгізілетіні баршаға мәлім. Бұл жылы да білімгерлер мен тәлімгерлерді өзгерістер күтіп тұр. Мұны жыл сайынғы дәстүр бойынша өткен аптадағы мұғалімдердің тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Сонымен, 2018-2019 оқу жылында қандай жаңалықтар болмақ?

«Телефонға телміргендер» - Еңбектеген бала да, еңкейген қарт та қолданатын ұялы телефон өмірімізді күрт өзгертті. Қажеттіліктен гөрі қызығы бітпей тұр. Бәрінен де ел болашағы болар жасөспірімдер арасында телефонға тәуелділік артып отыр дейді мамандар. Бұл күнде Қазақстандағы әрбір бесінші баланың үшеуі ұялы телефонға барлық уақытын арнайды екен. Әлем елдерін жайлаған бұл дертпен күрес басталғалы қашан. Зерттеушілер алдағы жылдарда қоғамдық сауатсыздық пен түрлі ауруларға душар боламыз деп дабыл қағуда.


24 тамыз 2018, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.