AZATTYQ.ORG. «"Прага көктеміне" 50 жыл: Чехия билігі үнсіз» - Ресейшіл саяси басшылығы үнсіз қалса да, чехиялықтар 1968 жылы Варшава пактісіне қол қойған елдердің СССР-дің нұсқауымен Прагаға қалай басып кіргенінен хабардар.
«Белсенділер ІІМ-ді реформалаудан әлі де үмітті» - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, спорт жұлдызы Денис Тенді өткен айда Алматыда «көлік терезесін тонаушылар» пышақтап өлтірген соң полицияны әрекетсіздігі үшін айыптау күшейіп, ІІМ-нің реформасы мен министрдің отставкасын талап етушілер көбейген. Бір айда не өзгерді?
«Сот Feminita белсендісіне айыппұл салды» - ЛГБТК мәселелеріне назар аудартушы Feminita ұйымының белсендісі Жанар Секербаеваның қоғамдық орындағы "фотосессияны тамашалауын" сот "ұсақ бұзақылық" деп таныды.
«Қара теңіздегі қарулану жарысының соңы не болады?» - Қара теңізде әскери операциялардың жиілей бастауын сарапшылар әрқилы жориды. Кейбір мамандар теңіздің әскери тайталас ошағына айналып бара жатқанын айтады.
«Қазақстанға алтын бұйырмаған күн» - Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары бір күнде жеті медаль жеңіп алды. Бұл жүлделердің барлығы - күміс пен қола. Тамыздың 21-і күні алтынға таласқан қазақстандық екі спортшы финалда оңтүстік кореялық қарсыластарынан жеңілді.
INFORMBURO.KZ. «Өзбекстандағы қазақтардың басым бөлігі тарихи Отанына көшкілері келмейді» - Informburo.kz тілшісі Өзбекстанда іс-сапарда болып, мұндағы қазақ диаспорасының қазіргі Қазақстан мен қазақстандықтар туралы пікірін біліп қайтты.
AIKYN.KZ. «Головкин-Альварес кездесуінің андеркартында шығатын боксшылар құрамы белгілі болды» - Бұл күнгі бокс кешінде барлығы сегіз кездесу өтеді деп жоспарланған.
ULT.KZ. «Алдағы уақытта қытайдан қанша қазақ келуі мүмкін?..» - Қазір қытайда 1.5 миллион һәм 2 миллион айналасында қазақ бар десек, алдағы уақытта соның ұзаса шамамен 500 мыңдайы ғана Қазақ еліне оралады. Мен бұл 500 мыңдайы деп ұялғанымнан, мемлекетшіл жандардың көңіліне су сеппейін деп ойлағанымнан көбейтіп айтып отырмын. Ал, қалған 1 миллион немесе одан да көп қазақ әлі де болса қытайда тұрмыс-тіршілігін жалғастыра береді.
QAMSHY.KZ. «Дәл қазір Парламенттік Республикаға көшудің уақыты келді» - Ең басты мәселе Қазақстанға саяси, әлеуметтік -экономикалық заңмен шегеленген тұрақты жүйе жасау керек. Бүкіл еліміз осы жүйе бойынша жұмыс жасайтын болады. Халық сайлаған билік келеді-кетеді, бірақ жүйе тұрақты жұмыс істеп тұрады, дамыған елдердегідей... Осы жүйе арқылы мемлекетіміз үзіліссіз-тиімді дамиды. Менің 5 ұсынысым да, осы жүйені жасап, қалыптастыру үшін беріліп отыр.
ABAI.KZ. «Астана күніне 500 миллион берген Қостанайда мектеп жөндеуге ақша жоқ» - Адамдардың кей-кейде өзін бір жылт еткізіп көрсетіп қалу үшін қандай да бір дарақылықа баратындығын көргенде «бұл дүние не болып кетті?» деп қайран қалмасқа амалың жоқ. Сірә, еңбексіз, тегін келген байлық қай пенденің де бет бейнесін айқын көрсетіп, парықсыздығы мен тексіздігін дүйім жұртқа жайып салмай қоймайды екен. Міне, біздің қалтасына қомақты қаржы түскен байшікештеріміз өздеріне жақсы бір «ермек» тапқан сыңайлы.
«Атырау жастарын кім қаруландырып отыр?» - Атырау облысы бойынша қазақ жастарының бір-бірімен қырық пышақ болып қырылып төбелесуі үлкен бір өзекті мәселеге айналып отыр. Тіпті жас болғанда да бесіктен шыққан белі әлі қата қоймаған, аузынан ана сүті құрғамаған уылжыған жас өспірімдер! Бұларды әлі енесін еміп жүрген лақтар десе де болады. Бұларға әлі әскерге бару да ерте, бұлар әлі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар!