Атырау, 26 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«СІМ: "Конвенцияда Қазақстан ұстанымы ескерілді"», «Иран баспасөзі Каспий конвенциясын сынаса да ақтауға тырысты», «Каспий конвенциясынан ұту және Қазақстанның Азиададан үміті», «Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек».

1 605 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Иран баспасөзі Каспий конвенциясын сынаса да ақтауға тырысты» - Иран баспасөзі Ақтауда өткен Каспий саммитіндегі Тегеран ұстанымын біресе ақтап, біресе сынап жазып жатыр. Иран қоғамында Каспий конвенциясы қатты сыналып, ресми басшылардың оған қайта-қайта түсінік беруіне тура келді.

«Каспий конвенциясынан ұту және Қазақстанның Азиададан үміті» - Батыс баспасөзі осы аптада тамыздың 12-і Ақтау қаласында өткен Каспий саммиті қорытындыларын талдаған. Бұған қоса, Қытайдың Шыңжаң ауданындағы аз ұлт өкілдері мен ондағы қазақтарды қудалау мәселесін тағы қозғаған. Халықаралық баспасөз мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ажалы қоғамда құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қатысты күмәнді қоюлата түскені туралы да жазған.

«Әкімдік пен "Қазақфильм" арасында жер дауы өршіді» - Алматы әкімдігі "Қазақфильм" киностудиясына жалға берген бес жарым гектар жерді қайтарғысы келеді. Ал киностудия бұған қарсы. Бір жарым жылға созылған екі мекеме арасындағы дауға тамыз айының соңында сот нүкте қоюы мүмкін.

«Күшейтілген күзет және кептеліспен күрес» - Тамыздың 18-і күні Индонезияның Джакарта қаласында жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Елде қауіпсіздік күшейген. Жарыс қарсаңында Халықаралық ұйым Индонезия билігін адам құқығын бұзды деп айыптады. 

«СІМ: "Конвенцияда Қазақстан ұстанымы ескерілді"» - Тамыздың 17-сінде Астанада билік өкілдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Ақтау саммитін қорытындылап,арнайы жиын өткізді.

INFORMBURO.KZ. «Құрбандыққа малды қайдан алып, қалай шалған дұрыс?» - Айтта әлемде 20 млн ірі-қара, 70 миллионға жуық ұсақ мал сойылады. Елімізде малды сататын, соятын, бас-сирақты үйітетін орындар жасақталды. Неге көңіл бөлеміз?

ABAI.KZ. «Тәуелсіз соттың «ата жауы» – саясатты желеу еткен билік пен дөкейлер» - Заң, құқық туралы қазіргі кезде кім болмасын талқылауға әуес. Ол дұрыс та. Заң ғылым ретінде әу бастан қоғамдық ғылымдар қатарына жатады. Қазақстан жағдайында құқыққа қатысты әңгіме негізінен негативке құрылғаны анық байқалады. Елде құқық қорғау органдарына, сотқа деген сенім жоқ деседе болады. Оған тек қана сот жүйесінің әлсіздігі себеп бола алмайды.

QAMSHY.KZ. «Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек» - Мұхтар Жәкішевтің түрмедегі жағдайының нашарлауына байланысты Досым Сәтпаев өз пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

TURKYSTAN.KZ. «Халық пен банк кейде тату, кейде...» - «Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды». Шіркін-ай, ит пен сүйек жайлы тәмсіл қалай тауып айтылған?! Жылдық пайыздық мөлшерлемесі қанша есе болса да, несиеге жүгіретін жұртты еріксіз ойға оралтады. Қазақстандықтардың 30 пайызының банктерде қомақты несиесі бар. Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда қазақстандық жеке тұлғалардың несие қоржыны 5 триллион теңгеден асып жығылыпты. Көп пе, аз ба?


20 тамыз 2018, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.