Атырау, 29 қараша 23:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Өзбекстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік шартына қол қойды

2 228 просмотра


Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Тәжікстан Республикасының Презденті Эмомали Рахмон Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды ӨзА агенттігі. 

17 тамыз күні Тәжікстан президенті Ташкентке ресми сапармен келді. Көксарай резиденциясында өткен келіссөздердің аяғында екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі болды. Стратегиялық серіктестік туралы шарт пен бірлескен мәлімдемеден тыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, монополияға қарсы саясат, тұтынушы құқығын қорғау, геология саласында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, әскери, ғылыми-техникалық, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру, жастар саясаты, мәдениет және өнер салаларында 26 құжатқа қол қойылды. 

«Мемлекетаралық өзара ықпалдастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру - екі ел қарым-қатынастарындағы аса зор ұнамды өзгерістердің заңды әрі логикалық нәтижесі», - деді Эмомали Рахмон. 

Өз кезегінде, Шавкат Мирзиеев Ташкент «екі халықтың қаймағы бұзылмаған достығын жан-жақты нығайтуға бар мүмкіндікті жұмсайтынын» жеткізді. Екі елдің өңірлері арасында, атап айтқанда, Сұрхандария (Өзбекстан) және Хатлан (Тәжікстан), Самарқант (Өзбекстан) және Соғды (Тәжікстан) облыстары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Дереккөз: inform.kz

18 тамыз 2018, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.