Атырау, 17 желтоқсан 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Facebook әлем бойынша істемей тұр

1 808 рет қаралды


Жұма күні кештен бастап Facebook әлеуметтік желісі әлем бойынша істемей тұр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

Мұны танымал интернет-ресурстар жұмысын бақылайтын Downdetector сервисінен көруге болады. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының тең жартысына жуығы  (45%) Фейсбукке қосыла алмай отырғанын айтып шағымданды. 31% аккаунтарына кіре алмаса, 23% ұялы қолданба істемеген. 

Мессенджер жұмысында ақауды Еуропа тұрғындары байқаған. Атап айтар болсақ, Франция, Германия, Италия, Румыния, Нидерланды, Ұлыбритания мен Испанияда желі дұрыс істемей тұр. Сондай-ақ, Грузия, Украина, Польша, Мажарстан, Хорватия, Дания, АҚШ, Мексика, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Жапония және басқа елдерде де осындай жағдай қалыптасып отыр.

Айта кетерлігі, Қазақстанда да әлеуметтік желінің парақшасы ашылмай тұр.

Дереккөз: inform.kz

18 тамыз 2018, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.