Атырау, 24 қараша 17:13
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қолқаны қапқан қойма

2 417 просмотра

15 шілдеге қараған түні Ардагер ықшам ауданында орналасқан көкөніс сақтау қоймасында өрт болды. Онсыз да қоймамен көрші болып отырғандарына наразы  сол жердегі тұрғындардың жүйкесісыр бере бастады. 

ЕШҚАНДАЙ АЭРОЗОЛЬ КӨМЕКТЕСПЕЙДІ

Тамшылатып суару жылыжайы мен көкөніс сақтау қоймасының құрылысы осынау тұрғын үй массивіне жақын маңдағы ашық алаңда 2010 жылы басталған болатын, содан бері ардагерліктер «АЖ» газетіне бірнеше рет шағымданды. Ал, енді қазір екі бірдей нысан тапсырылып, іске қосылған кезде, ол іс жүзінде қиялдағыдан да асып түсті.

…Шіріген иіс Атырау ықшам ауданына ене бастаған кезде–ақ мұрынға келді, “Ардагерге” жеткенде  мені тіпті, құстыра жаздады.

Бұл ештеңе емес, –дейді мені «тыныштандырған»  Восьмая көшесінің тұрғыны Майра ЕСБЕРГЕНОВА. –Қазір біздің үйіміз жел жақ бетте тұр, демалуға болады, ал, жел бізге қарай тұрған кезде онда иіс үйдің қабырғасынан өтіп кетеді, ешқандай аэрозолдың көмегі болмай қалады.

“Ардагерде” болған он бес минуттың ішінде редакция машинасын құжынаған шыбын қаптап алды. Тұрғындар өз үйлерінде тарақандар мен тышқандардың және егеуқұйрықтардың пайда болғанын айтып отыр:

– Көкөніс сақтау қоймасының басшыларымен болған келіссөзден ешқандай нәтиже шықпады. Балаларға шыбын жабылады деп  көшеге шығармай, үйде ұстап отырмыз. Бұған не істеуге болады? 

Олардың пікірінше, бұл нысандардың құрылысы санитарлық нормалар мен ережелерге қарамастан салынған. Дегенмен, 2010 жылғы қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ жолдаған жауабында былай делінген: «...Ардагер ықшам ауданы қаланың бас жоспарына сәйкес тұрғын үй салынатын аймақта орналасқан, ол аймаққа ҚР санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкесті тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ, санитарлық қорғау аймағының құрылымдарын талап ететін жекеленген коммуналдық және өнеркәсіптік нысандарды орналастыруға болады... Көкөніс сақтау қоймасы бар жылыжай құрылысы санитарлық-қорғау аймағы құрылымын талап етпейді».

 –Бұл нысанның тікелей үйлерге жақын орналасқаны  тұрғындар үшін мүлдем апатты жағдай екендігінің белгілі болғанына да  екі жыл өтіп  кетті,- дейді ардагерліктер.  

 

АЛ МАҒАН БӘРІБІР

Ал, соңғы кездегі орын алған жағдай - өрттің тұтануы ардагерліктердің шыдамының шегіне жетті. Әсіресе, №9 үйдің тұрғындары дүрбелеңге түсті. Оттың жалыны коттедждің шатырын шарпыды, ыстықтан терезенің әйнектері жарылып, желдеткіш торлары балқып кетті. Үйлерінің жанындағы өрт жалындаған сайын үйдегі адамдар кішкене балаларымен қоса тірілей жанып кетерміз деген қауіппен үйден далаға шыға алмады. Ертеңгісін отағасы Дәулет ЕРКІНҒАЛИ көкөніс сақтау қоймасына сөйлеспекші болып барды. Оны жіберу қосынынан әрі өткізбеді, тіпті, оны біреудің басындағы ауыр жағдайды пайдаланып, соның есебінен  өз үйін жасап алғысы келіп жүр деп кінәлады.

Тікелей осы қойманы пайдаланумен айналысатын «Атырау» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Мұрат САРМАҒАМБЕТОВТЕН де, «Атырау» ауылшаруашылық компаниясы»  ЖШС басшылығынан да түсінік алу мүмкіндігі тумады, олар мүлдем  баспасөзбен байланыстан қашқандай болды. Ал, жылыжайға жауапты  «Осирис Интра» ЖШС директоры  Василий ЧЖЕНМЕН арадағы әңгіме өктем түрде болды, ол ұялы телефонды қояр алдында былай деді:

Не жазсаңдар соны жазыңдар, маған бәрібір, мен демалыстағы адаммын.

Өрт жалыны алып кеткен үйдің қожайындары келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеу бойынша сотқа талап арыз беруді жоспарлап отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 шілде 2012, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.