Атырау, 12 қаңтар 09:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

«Өлі жандармен» келісімшарт жасаған

1 957 рет қаралды


№2 қалалық сот әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін бюджеттен ақша алып, бірақ ешқандай орын ашпай, ақшаны иемденген атыраулық фермерге үкім шығарды.

Қалалық жұмыспен қамту орталығымен жасалған шартқа сәйкес, шаруа қожалығының шотына 2 млн теңге аударылған, бірақ Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген тексеру жұмыстары кезінде фермер қайтыс болған 10 адаммен жалған келісімшарттар жасап, бөлінген ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы (Ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу) бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Фархат ӘБІЛОВ

17 тамыз 2018, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.