Атырау, 25 қараша 22:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда үйлерді терможаңғырту қажет пе еді?

2 472 просмотра


Атырау қалалық әкімдігі тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізу үшін 26,5 млн теңге бөлді. Энергетикалық аудит - жылу, су құбыры, басқа жүйелер мен электр қондырғыларын зерттеу негізінде жасалатын талдау. Мақсат: жылу шығындарын тауып, қалалық билікке тұрғын үйдің ең тиімді энергетикалық жұмыс режимін ұсыну.

2015-2017 жылдары термомодернизациядан өтпеген 91 және жөндеуден өткен 32 үй тексеріледі (тізімді қараңыз). Суреттер анық болу үшін жылу өлшегішпен (зерттелетін бетте температураның таралуын бақылауға арналған құрылғылар) салқын ауа райында тексеретін болады. Тексеру 31 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Жобаға тапсырыс беруші - қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

- Осылайша, жүргізілген терможаңғырту жұмыстарына баға беріліп, осы 91 үйге оны жүргізу қажет пе деген сауалға жауап алынады, - деді терможаңғырту бағдарламасының операторы «Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Зұлхаш НАУБЕКОВ.



Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 тамыз 2018, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.