Пәкістанда президенттік сайлау 2018 жылғы 4 қыркүйекте өтетін болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі Пәкістанның Сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Үміткерлердің сайлауға қатысу туралы өтініштері жергілікті уақыт бойынша 27 тамыз күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады. Өтініштерді қарастыру процесі 29 тамызға дейін жалғасып, Сайлау комиссиясы қабылдаған шешімін 30 тамызда жариялайды.
Пәкістанның Конституциясына сәйкес, елдегі президент сайлауы парламенттік сайлау өткен соң бір айдан кейін немесе қазіргі мемлекет басшысының президенттік өкілеттілігін доғарғанға дейін бір ай бұрын өткізіледі.
Дереккөз: inform.kz