ABAI.KZ. «Жастар елден үдіре кетіп жатыр» - Үкімет пен әкімдердің жастар мәселесіне тиісті көңіл бөлмей, елде жүйелі жастар саясатының болмауы - ол бұл елдің болашағының бұлыңғырлығын көрсетеді. Бастан шіріп берекет кеткен елден ғана талантты жастар мен білімді мамандар кетуге асығады. 2017 жылы елден 36 мың адам кетсе, соның 80 пайызы мұғалім, дәрігер, инженер, яғни кәсіби мамандар. Солтүстік облыстарда мектепті жақсы бітіргендердің 75-80 пайызы Ресейге оқуға кетіп, сонда қалуда. Барлық ғаламтор тегін оқытамыз деп қаптаған Қытайдың жарнамасы.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстан Азиадада үздік төрттікке енуді жоспарлайды» - Тамыздың 18-і күні Индонезияның Джакарта қаласында 18-жазғы Азия ойындары басталады. Қазақстан Азиадаға 440 спортшы апарады. Бұл – ел құрамасы үшін рекордтық сан. Астана жарыста жүлде алған спортшыларға ақшалай сыйақы бермек.
«"Қазына іздеушілердің" зияны һәм "есепсіз" қазу» - Кәсіби мейрам күні қазақстандық археолог Айбар Қасеналин Азаттыққа елдегі археологиялық қазба жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы айтып берді.
«"Кремль агрессиясынан қорғау" туралы заң жобасы жарияланды» - Тамыздың 14-і күні АҚШ Конгресі сайтында Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасы жарияланды. Жобаны сенатор Линдси Грэм бастаған бір топ Республикалық және Демократиялық партиясы өкілдері ұсынған.
QAZAQTIMES.COM. «Шеттегі қазақ тағдырын көре тұрып, елге келген ағайынды сарсаңға салған кімдер?» - Қытайдағы қазақ мәселесі өз алдына, отанына оралған қандастардың азаматтық алуына не кедергі?
BAQ.KZ. «Сайфулла Сапанов: Каспий теңізі дүниежүзі бойынша ең «тентек» теңіз болып есептеледі» - БҰҰ-ның Ақтау саммитінде қабылданған Каспий конвенциясын мойындауы, оның халықаралық маңызы бар екендігін көрсетті. Бұл жайында Тарих ғылымдарының докторы, профессор, саясаттанушы Сайфулла Сапанов Baq.kz тілшісімен сұхбаттасу барысынада айтты.
TURKYSTAN.KZ. «Ақырзаман туралы аңыз және ақ самаурын» - Голливудтың киносценаристері әлемдегі ең үздік, ең тапқыр, қазақыландырып айтсақ, шашасына шаң жұқтырмас мамандар екені баршаға белгілі. Кез келген шағын әңгіме, ұсақ-түйек нәрседен жаһанның жүрегін тербейтін, жалпы адамзатты толғандырған аса ауыр түйткілдерді жан-жақты әрі тамаша талдайтын фильмдердің Голливудта көптеп түсірілуінің бір ұшығы әлемге әйгілі кинокомпания сценарийшілерінің кәсіби шеберлігі және қарапайым адамның ойына оңайлықпен кіріп-шықпайтын идеялардан бас тартпайтындығынан шығар.
365INFO.KZ. «”Не боп қалды?” Пашинян Назарбаевқа шұғыл телефон шалды» - Армения премьері Никол Пашинян 7 тамызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалған.