АНКАРА. 18 шілде. - Түркия енді ерікті түрде кесар тілігін жасайтындарды заңмен жазалайды. Ал босанатын әйелдерді еш қажеттілік туындамаса да ота жасауға итермелейтін дәрігерлерге айыппұл салынатын болады.
Соңғы бірнеше жыл ішінде кесар тілігін жасаушылар Түркияда белең алған. Өткен жылы мемлекеттік перзентханаларда аналардың 40%-ы, ал жекеменшік перзентханаларда 67%-ы осы тәсіл арқылы босандандырылған екен. Тілік арқылы босану әлдеқайда қымбат тұратындықтан, кейбір дәрігерлердің ота жасатуға итермелейтіні жасырын емес. Жекеменшік перзентханалар бұдан үлкен пайда тауып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік перзентханалар да тілік жасау ақылы босандырған әр ота үшін мемлекеттен қаржылай қолдау көруде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, кесар әдісімен балалы болатындар босанатындардың тек 15-18%-ын құрауы тиіс. Алайда, бұл көрсеткіш көптеген Батыс елдерінде бірнеше есеге артып кеткен.
Жаңа заң бойынша кесар отасын жасауға шектеу қойылады, енді бұндай отаны тек мәжбүр болған жағдайда, медициналық талаптарға сай ғана жасауға рұқсат беріледі. Айта кету керек денсаулық сақтау министрі Реджеп Акдагтың айтуынша, медициналық талаптарға денсаулық жағдайы ғана емес, табиғи жолмен босану алдындағы қорқыныш сезімі де жатады екен. Оған қоса министрлік басшысы кесар тілігі арқылы туған балалар салмақ қосуға бейім болатындығын да ескертіп өтті.
Дереккөз: BAQ.KZ