EGEMEN.KZ. «”Хрущевкалардан”құтылудың тиімді тетігі» - Кеңес Одағын Никита Хрущев басқарған тұста алып державаның түкпір-түкпірінде айналуға келмейтін тар, бірыңғай сұрғылт үйлердің салына бастағаны белгілі. Оның көпшілігін екі қабатты тұрғын үйлер құрады.
AIKYN.KZ. «Зейнетақы реформасы: үміті аз, күдігі көп…» - Алматыдағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бас кеңсесінде баспасөз мәслихаты өтті. Мұнда басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева биылғы жылдың жартыжылдығындағы БЖЗҚ жұмысы мен салым-түсімдердің қорытындысын баяндады.
«Каспий конвенциясынан не күтеміз?» - Соңғы күндердің маңызды оқиғасы Каспий маңы мемлекеттерінің Ақтау қаласында өткен кезекті саммит барысында бес елдің бас қатыратын мәселесі болып келген су айдынын өзара бөлісіп, бірлесіп игеруге бастайтын басты құжат қабылдауы болды. Мемлекеттік шекарасын толық белгілеген Қазақстан үшін Каспий теңізіндегі үлесін анықтауы делимитация мәселесін түбегейлі шешкен тарихи оқиға болғанын ескере отырып, осы тақырыпта сарапшы маман пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Каспийдің стратегиялық маңыздылығынан бастап, келіссөздердің барысы, жаңа конвенциядан күтілетін үміт туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Заманауи зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров әңгімелеп берді.
«Қандай кәсіп керек?» - Биыл ІТ саласына орасан грант бөлінді. Бір кезде жұрт баласын заңгер мен экономист мамандығына көптеп берсе, қазір екінің бірі ІТ саласына ынтық. Жаңа технологияны меңгерген дұрыс та шығар. Алайда күні ертең олар да жұмыс таппай, кеңсе алдында тоғытылып тұрмай ма?
INFORMBURO.KZ. «Бұхараға саяхат. Ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен XV ғасыр көшелері» - Орта ғасырдың Оксфорды болған Бұхара туристерді несімен тартады? Көне қала жайлы білгіңіз келсе, ИнформБюро тілшісі дайындаған фоторепортажға назар аударыңыз.
DALANEWS.KZ. «Ермекбаев неге келді?» - Қоңыр күз жақындағанда билік басында ауыс-түйістердің орын алуы біз үшін заңды құбылысқа айналды. Бірақ жаздың соңғы айында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жанұзақовтың орнына дипломат, қауіпсіздік саласының маманы Нұрлан Ермекбаевтың тағайындалуы жұртты елең еткізгені анық.
365INFO.KZ. «Қазақстанға өлім сценарийі келуі мүмкін» - Қазақстандағы ашық та ақылды бастардың бірі, экономист Айдан Кәрібжанов өзінің парақшасында осылай жазады.
«Біз біттік…» - Соңғы күндердегі теңгенің құлдырауы ешкімді бейжай қалдырмады. Ұлттық валюта бағамы туралы пікір білдірген мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов елімізде теңгенің баяу девальвациясы жүріп жатқанын айтты.
«”Кене” қазақты қынадай қырды» - Аласапыран жылдары Алаштың аяулы ұлдарының атылып кетуіне іштен де, сырттан да арам пиғылды, мүдделі сілімтіктердің болғаны рас. Оған дәлел-дәйектер жеткілікті. Олардың ішінде Сталинге жақын жүрген қазақ азаматтары да болды. Өйткені архивтердегі құпия деректер солай дейді.
«Үкімет әдейі істеп отыр» - Қазақстан қор биржасы кеше таңертең доларды әдеттегі орташа көлемнен екі есе артық сатқан. Яғни, күніне 200 миллион доллар сататын қор биржасы кеше түске дейін 650 миллион доллар өткізген.