Атырау, 1 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 458.04
€ 500.41
₽ 5.17

Таусамалында жарылған үй лаңкестердің баспанасы болған

2 059 просмотра

Алматы облысы Таусамалы кентінде жарылған үйдің гаражынан атыс қаруы және оның оқ-дәрілері, полицей киім-кешегі мен діни әдебиет табылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы кенті, Сейфуллин көшесі, 98-үй мекен-жайында өрт болды, өрттің алаңы 100 шаршы метрді құрады.

Өрт орнында сегіз адамның, оның ішінде төрт баланың өртенген мүрделері табылды.

Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерді қарауды кеше бастап, бүгін жалғастырды, оның барысында үйдің гаражынан атыс қаруы және оған оқ-дәрілер, полицейлік киім-кешек және діни әдебиет табылды.

Бұл факт бойынша Алматы облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1-бөлігімен – 233-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен (терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, қаза болғандардың жеке бастары анықталуда, сондай-ақ табылған атыс қаруының, оған оқ-дәрілердің, полицейлік киім-кешектің пайда болу көздері тексерілуде.

BNews.kz

12 шілде 2012, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.