Атырау, 25 желтоқсан 12:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Алматы маңындағы жарылысқа байланысты «Лаңкестік» оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

2 865 просмотра

Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Тау самалы» ауылында 7 адам қаза тапқан жарылысты зерттеу жұмыстарын ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері жүргізуде.

1tv.kz сайтының ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлағанындай, Алматы облысы бойынша ТЖД «ақпарат жабық» деген себеппен оқиғаның мән-жайын баяндап бере алмады. Құқық қорғау органдарынан алынған нақтыланбаған деректерге сәйкес, оқиға орнында Калашников автоматын қоса есептегенде өзге де қару-жарақтар табылған. Алайда құқық қорғау ведомстволары баспасөз қызметінен жарылыс сипаты туралы ресми мәлімет алу мүмкін болмады. Соның ішінде жарылыс үйдегі адамдардың «құқық қорғау қызметкерлерінің ұстау әрекетіне қарсы әрекеті болды ма», «әлде жарылғыш құрылғысы өз бетімен іске қосылды ма» деген сауалдарға әзірге жауап қайтарылмады.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1 бөлімінің «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу» мен 233-бабы, 2-бөлімінің «б» тармағы - «Лаңкестік» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Алматы маңындағы жекеменшік үйде соңы өртке ұласқан жарылыс болды. Толықтай өртеніп кеткен үйден әлі кім екендіктері анықталмаған барлығы 7 мәйіт табылды.

BNews.kz

12 шілде 2012, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.