Атырау, 29 наурыз 02:45
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Доллардың қымбаттауы еңбек мигранттарының табысына жайсыз тиді», «Жерімізде босып жүрген өзбек еліне $236 млн мөлшерінде қарыз екенбіз..», «Қытай Сайрагүлді жайына қалдырмайды...», «Қытай АҚШ-пен сауда соғысы кезінде әлемнен оқшауланып қалуы мүмкін».

1 421 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Доллардың қымбаттауы еңбек мигранттарының табысына жайсыз тиді» - Тамыздың 10-ы күні Түркияда АҚШ валютасының құны 32 пайызға қымбаттап, бір доллардың бағамы алты лираға дейін көтерілді. Елдің Орталық банкі ұлттық валюта - лира бағамын одан әрі құлдыратпау үшін тамыздың 6-сы күні 2,2 миллиард доллар сатып, интервенция жасағанын хабарлады. Валюта бағамының құбылуы Түркияда жұмыс істеп жүрген қырғызстандық мигранттардың табысына қалай әсер етті?

QAZAQTIMES.COM. «Қытай АҚШ-пен сауда соғысы кезінде әлемнен оқшауланып қалуы мүмкін» -  Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық соғысы ушыға түскен кезде, АҚШ пен өзге мемлекеттер арасындағы сауда жанжалдары біртіндеп шешімін таба бастады. Өткен аптаның соңында АҚШ президенті Мексикамен жаңа сауда келісіміне қол жеткізе алғанын мәлімдеді.  

«Түрік экономикасы үрейлі түстен айыға ма?!» - Түркия экономикасының жағдайы туралы сарапшылардың пікірі көңіл қуантпайды. Түрік лирасы жыл басынан бері АҚШ долларына 40 пайыз құнын жоғалтты. Құнды қағаздарының бағасы 17 пайызға құлдырады. Сонымен бірге мемлекеттің көп мөлшерде қарыз алып жатқаны да мәлім болды. Дегенмен соңғы кездері Түркияның Финанс министрлігі лира құнын сақтап қалудың жаңа жоспарын жасап шыққанын да мәлімдеді. 

QAMSHY.KZ. «Жерімізде босып жүрген өзбек еліне $236 млн мөлшерінде қарыз екенбіз..» - Қайда барса да, кім келсе де – қарыз сұрап, несие тілеп, алақа­нын жайюға дағдыланған бүгінгі қаз­ақ билігі – Қазақстанды жер жүзін­дегі 127 елге берешек қылып қойды... Жаңа дүние есігін ашқан әрбір қазақтың шақалағы дәп сол секундтарда-ақ – 3 миллион теңге қарызбен жарыққа шығады...

ABAI.KZ. «Қазақтың шамасы түгесіліп барады...» - Мінеки, доллардың бағасы қайтадан шарықтап кетті... Бұл дегеніңіз біздің экономикалық жағдайымыздың сыртқы коньюктурадан толық тәуелділігін білдіреді. Яғни, бұдан «Қазақстан экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қорғай алатын, эконмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен мемлекет қатарына жатпайды» деген қорытынды сұранады.

ULT.KZ. «Сәуле Әбединова: "Қытай Сайрагүлді жайына қалдырмайды..."»  - Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай ісінің басы-қасында жүрген журналист Сәуле Әбединова Sputnik тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз!

QAZAQUNI.KZ. «Алматыда дау: Грантқа ілінбеген түлектердің ата-аналары наразылық танытты» - Балалары оқу грантына іліне алмаған ата-аналар мен жаттықтырушылар бүгін наразылық танытты. Айтуларынша, кішкентайынан спортпен айналысып, ел намысын қорғап келген оқушылар білім және ғылым министрлігі өзгерткен баптың кесірінен оқуға түсе алмаған.


14 тамыз 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.