Мемлекеттік сатып алулар сайтында қала маңындағы Береке ауылында орналасқан №5 сүзгілеу станциясын қайта жарақтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жасау басталғаны туралы хабарландыру жарияланды. Бергей Рысқалиев oблыс әкімі болып тұрған кезде басталған нысан осы жылдар ішінде аяқталмаған күйде қалып отыр. Алайда құрылысты аяқтауға қаражат бөлінгені туралы 2015 жылдың басында хабарланған болатын.
Ал мұнай астанасы қаладағы су тазарту қондырғыларының қуатын кеңейтуге өте мұқтаж болып отыр. Бірінші учаскеде орналасқан 4 сүзгі станциясы тәулігіне 120 мың текше метр су өндіреді. Аяқталмаған станцияда қуат тәулігіне 50 мың текше метр болады деп жоспарланған.
Жақында нысанды «Атырау су арнасы» КМК қызметкерлері тексеріп шығып, табылған кемшіліктер туралы материалдар қала әкімдігіне жіберілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ