Атырау, 29 қараша 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Румынияда үш күннен бері қарсылық шарасы басылмай жатыр

1 415 просмотра


Румыния қалаларында халықтың қарсылық науқаны әлі басылар емес. Шерушілердің талабы — үкіметтің отставкаға кетуі.  «yeniakit.com.tr» сайтының хабарлауынша,  қарсылық акциялары ел астанасы Бухаресттен бастап, Сибиу, Констанце, Клуж-Напоке және Яссы қалаларында өтуде. 

Бір ғана Бухарест қаласының өзіндегі Виктория алаңына он мыңдаған адам жиналған. Кейбір қалаларда, әсіресе Бухарест пен Клуж-Напокеде, қарсылық шарасына шығушылар түні бойы үйлеріне қайтпаған. 

Сайтымызда осыған дейін де жазғанымыздай, 11 тамыз, сенбі күні Румыния астанасы Бухаресте өткен қарсылық науқанында 440-тан астам адам зардап шеккен еді. 

Ал, бүгінде олардың саны 1000-ға таяған. Шерушілер, парламенттің таратылуы, мерзімінен бұрынғы сайлау, технократ үкіметі, әділеттің орнатылуы, сонымен қатар, 100-і түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 300 сенатордан құралған бірпалаталық парламент құру сияқты талаптар қоюда. Наразы болған румын халқы, салық жүйесі мен зейнетақы реформасына, әлеуметтік көмек жүйесіне реформа жасауды да сұрайды. 

Олар экономика, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамытпайынша,  Еуропа Одағы, НАТО сияқты ірі одақтармен серіктестік қарым-қатынасты жалғастыру мүмкін емес деген ұстанымда. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

13 тамыз 2018, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.