Атырау, 29 қараша 23:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Моңғолияда пойыз апатынан кейін көлік министрі қызметінен кетті

1 680 просмотра


Моңғолияда пойыз апатынан кейін көлік министрі қызметінен кетті – деп хабарлайды Montsame ақпарат агенттігі. 

Агенттік мәліметінше, тамыз айының 12-і күні премьер-министр Ухнаагийн Хурэлсух баспасөз мәслихатын өткізіп, көлік министрі Ж. Бат-Эрдэнэ мен оның орынбасары Б. Цогтгэрэланың және жеті бірдей депортамент басшыларының отставкаға кеткендігін мәлімдеген. Олардың қызметтен кетуіне 12 тамыз күні болған пойыз апаты себеп болған. 

Ұлан-Батыр мен Сайншанд қалаларының ортасында болған пойыз апатында үш бірдей жолаушылар пойызы мен екі жүк пойызы рельстен шығып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, пойыздардың апатқа ұшырауына жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууы себеп болған. 

Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облысында да пойыз апатқа ұшыраған. Салдарынан бір жасөспірім бала көз жұмып, ондаған адам түрлі дене жарақатын алған. 

Бірақ біздің елімізде Моңғолиямен салыстырғанда ешқандай министр немесе департамент басшысы қызметінен босатылған жоқ. Жауапты адамдардың отставкаға кетуін былай қойып, апаттың неден болғаны әлі күнге дейін дұрыс түсіндірілмеді.

Дереккөз. “The Qazaq Times

13 тамыз 2018, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.