Атырау, 17 желтоқсан 17:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Иран СІМ: Ресми Теһран Анкараға қолдау көрсетуге дайын

1 639 рет қаралды


Иран билігі АҚШ-тың Түркияға қатысты саясатына қарсы ұстанымын білдірді. Бұл туралы «Anadolu ajansı» агенттігі Иран СІМ-нің ресми өкілі Бехрам Касымидің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Түркия мен түрік халқы АҚШ тарапынан жасалған қысымға қаймықпай қарсы тұруы керек», - деген Иран дипломаты ресми Теһранның (Тегеранның) АҚШ-тың санкцияларына қарсы Анкараны қолдайтынын мәлімдеді. 

Бәрімізге белгілі, президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Трабзон қаласындағы халыққа жасаған үндеуінде АҚШ-тың екіжақты қарым-қатынастағы құқықтық ережелерден аттамауы тиіс екенін айтқан еді.

Дереккөз: “The Qazaq Times

13 тамыз 2018, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.