Атырау, 10 желтоқсан 17:02
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Ақтөбедегі тергеу изоляторында 13 сотталушы қарындарын жарып тастады

2 753 просмотра

Ақтөбедегі тергеу изоляторында 13 сотталушы қамауда ұстау талаптарының төмендігіне қарсылық ретінде қарындарын жарып тастады, деп хабарлайды жергілікті «Диапазон» газеті. 

Сәрсенбі күні сағат 15:00 шамасында Ақтөбе тергеу изоляторының алдына сотталушылардың бірнеше туған-туыстары жиналды. Тергеу изоляторының ішінен сотталушылардың көмекке шақырған айқайлары естілді. Өздеріне назар аударту үшін олар металл ыдыстармен қабырғаны ұрғылаған. Туыстар арасында дүрбелең басталып, олар қақпаны бұзып, есікті теуіп ішке кірмекші болды. Қабырғадағы маңдайша жазуды жұлып алған, қоңырауды сындырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ІІД бастығының бірінші орынбасары, облыстық прокурор, ІІҚБ-нің бастығы келді. Кешкі сағат бестерге қарай сотталушылардың үш туысын кездесу үшін ішке кіргізуге әкімшілік рұқсат етті.

Басылым ақпараты бойынша, изолятордағы ұстау талаптарына қарсылық белгісі ретінде 13 сотталушы қарындарын жарып тастаған.

«Су жоқ, кәріз толып қалған. Бізді соққыға жықты, 10 адам зардап шекті. Осы бассыздыққа қарсы қарындарын жарып тастады. Олардың арасында Ахметов, Дербісәлин... бар. Кәріздің жұмыс істемеуіне байланысты біз үш аптадан бері жуынған жоқпыз. Мен қолымды кестім», – деді қарсылық білдірушілердің бірі өз анасына телефон арқылы.

Изолятор басшылығы ондағы тұрмыстың төменгі талаптары мен зорлық-зомбылық жөнінде ақпаратты жоққа шығарды.

«Прокуратура апта сайын колонияда тексеру жүргізеді. Кеше ол жақта прокурор болған, сотталушылар тарапынан ешқандай арыз болған жоқ. Бүгін сотталушылар қамауда ұстау режимін жұмсартуды, яғни ұялы байланыс бұғаттауларын алып тастауды, территорияда еркін жүруді талап етті. Олардың талаптары заңсыз», – деп оқиғаға түсініктеме берді баспасөз мәслихатында ҚАЖК департаменті бастығының орынбасары Мірболат Көпесов.

«Қарсылық белгісі ретінде сотталушылар тамақ ішуден бас тартты, бірнеше адам қарындарын жеңіл-желпі жарған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қанша адам екенін нақты айта алмаймын, тексеру жүргізілуде», – деді Көпесов.

Сондай-ақ, ҚАЖК бастығының орынбасары изоляторда дұрыс тамақ берілмейді, кәріз жұмыс істемейді, су жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып өтті.

«Тұрмыстық талаптар нормаға сай, тамақтандыру жақсы. Сотталушыларды ешкім ұрған жоқ, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген», – деп қорытты Көпесов.

Сонымен қатар, ол бұл бүліктің діни экстремистерге ешқандай қатысы жоқ екенін баса айтты.

bnews.kz

12 шілде 2012, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.