Атырау, 1 қыркүйек 02:32
 дождьВ Атырау +17.6
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Алматы облысында белгісіз жағдайда жарылыс болды, жеті адам ажал құшты

2 817 рет қаралды

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданындағы Тау самалы кентінде шілденің 10-нан 11-не қараған түні сағат 3:30-да Сейфуллин көшесінде жарылыс болды.

Соның салдарынан өрт шықты, ол сөндірілген соң бұл жерде жеті адамның мәйіті табылды.

Алматы облыстық прокуратурасынан хабарлағандай, оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Полицейлер өртке қарсы күрес қызметкерлерімен бірігіп жарылыстың себебін анықтауда. Өрт аумағы 100 шаршы метрді шарпыды. Бұл әп сәтте өртеніп кеткен каркасты-қамыс үйі болатын.

Өртеніп кеткен адамдардың есімдерін сараптама анықтайды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өртке белгісіз заттың жарылуы себеп болған деген болжам бар.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

12 шілде 2012, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.