Атырау, 23 сәуір 21:52
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Мұхтар Жәкішевті басқа түрмеге тағы да ауыстырды», «"Орамал таққан" төрт оқушы келесі сыныпқа көшпеді», «Трамп пен Путиннің түсініксіз саясаты»,«Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер», «Ресейдің "менбілемдігі" қазақтың түбіне жетеді».

1 698 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Мұхтар Жәкішевті басқа түрмеге тағы да ауыстырды» - Қамаудағы Мұхтар Жәкішевті кезекті мәрте басқа түрмеге ауыстырды. Бұл жайт оның денсаулығы мен оны босату проблемалары мәселесін тағы қозғауға түрткі болды.

«Таластағы өрт үкіметке сын болды» - Қырғызстан билігі Талас облысы Манас ауданындағы Алмалуу жайлауында шілденің соңында басталып, тамыздың 5-інде қайта өршіген қалың өртті біржола өшіре алмай жатыр.

«"Орамал таққан" төрт оқушы келесі сыныпқа көшпеді» - Ақтөбе облысында біркелкі мектеп киім үлгісі туралы ережемен келіспеген бірнеше ата-ананың баласы келесі сыныпқа көшпей қалды. Осындай 25 оқушының ата-анасына айыппұл салынды.

«Құқық қорғау ұйымы Семенованы қудаламауға шақырды» - Қазақстандағы «Либерти» қоғамдық қоры құқық қорғаушы Елена Семенованың үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырды. Еуропарламентте Қазақстан түрмелеріндегі азаптаулар жайлы айтқан Семенова «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген.

«Арнайы қызметтің экс-төрағасы сенаторлар тізіміне ілінбеген» - Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің (қазіргі - мемлекеттік қауіпсіздік қызметі) бұрынғы төрағасы Рустам Иноятовтың аты-жөні сенат мүшелерінің тізіміне ілінбей қалған. Жыл басында арнайы қызмет басшысы қызметінен босатылған Иноятов бірден президенттің кеңесшісі және сенат депутаты ретінде тағайындалған еді.

ABAI.KZ. «Ресейдің "менбілемдігі" қазақтың түбіне жетеді» - Қазақстандық БАҚ қазір "қарыштап дамып жатырмыз" деп ұрандатуын біржола қойды. Елдің экономикалық жағдайына қатысты мүлдем жақ ашпайтын індетке шалдықтық. Доллардың бағасы шарықтаған соңғы аптада тіпті түк болмағандай бейқам отыруымыз қалай? Қазақстандық валюта жаңа антирекорд орнатып, 1 доллардың құны 355 теңгеге жеткенде ләм-мим демей отырған елдің ертеңі бар ма? Бізде экономикалық диверсия басталып кеткен жоқ па? 

«Трамп пен Путиннің түсініксіз саясаты» - Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Хельсинкидегі кездесуінен кейін республикашыл партияның өкілі Линдси Грэм... телеарнадан сөз сөйлеп, АҚШ президентіне қатқыл ескерту жасады.

«Қазақстан қазір - Қылмысстан...» - Мәнерлеп сырғанаудан олимпиаданың  қола жүлдегері  Денис Теннің қарақшылар қолынан қайтыс  болуына байланысты ғаламторда біраз пікірлер жазылды. Оның негізгісі  - тәртіп сақшыларының жұмысы талапқа сай еместігі, осыған байланысты Ішкі істер министрі Қалмұқан Қасымов және біраз шенеунектерді мәртебелі қызметтерінен аластату жайлы талаптармен түйінделді. Өзінің "жеке мүлкін қорғауда көрсеткен ерлігі үшін" Тенге "Халық қаһарманы" атағын беру керек деген де ұсыныс болды. Іле шала қылмыстылар ұсталды, олар жұмыссыз, күнкөріс үшін автокөлік тонаумен айналысатын, осыдан бұрын да істі болған қандастарымыз көрінеді.

INFORMBURO.KZ. «Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер» - Биылғы қаңтардан бері жаңа туған нәрестені тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қежеті жоқ. "SMS" арқылы онлайн тіркеуге болады.


9 тамыз 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.