Армения Бас прокуратурасы парламент депутаттарының қамауға алынған бұрынғы президент Роберт Кочарянды бұлтартпау шарасын өзгерту өзгерту туралы өтінішін қабылдамай тастады. Бұл туралы Азаттықтың Армян редакциясына Армения бас прокуратурасының ақпарат және қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.
Бұған дейін парламенттің 45 депутаты Роберт Кочарянның қашып кетпейтініне кепіл болатынын айтып, оны бұлтартпау шарасын өзгертуді сұраған.
1998-2008 жылдары Армения президенті болған Роберт Кочарян биыл 27 шілде күні 2008 жылы даулы президент сайлауынан соң оппозиция өткізген наразылық шеруін күшпен басып-жаншыды деген күдікпен қамауға алынған. Аталған демонстрацияны күшпен тарату кезінде полиция күш қолданып, 10 адам қаза тапқан.
Дереккөз: azattyq.org