23 жастағы қақпашының трансфері 80 миллион еуроға бағаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Guardian-ға сілтеме жасап.
Аталған басылымының жазуынша, Испанияның «Атлетик Бильбао» клубының қақпашысы Кепа Аррисабалага бүгін Мадридте адвокаттарымен бірге Англияның «Лондон» клубынан қажетті қаржыны алып, испаниялық клубпен жасасқан келісімшартын біржақты тәртіппен бұзу үшін тиісті өтемақыны (клаусула) төлеген.
Мұны «Атлетик» тарапы да растады. «Кепа Аррисабалага «Athletic Club-пен» жасасқан келісімшартын біржақты тәртіппен бұзу үшін тиісті талаптардың барлығын орындады.
Келісімшартта көрсетілген өтемақы сомасы толықтай төленді. «Атлетик» футболшыға біздің клубқа қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді», - делінген клубтың сайтындағы ресми хабарламасында. Осылайша, Кепа Аррисабалага әлемдегі ең қымбат қақпашыға айналды.
Дереккөз: inform.kz