Атырау, 11 желтоқсан 01:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Есептегішсіз еселеп төлейсің

2 286 просмотра

Алдағы жылу беру маусымы қарсаңында, яғни биылғы жылдың 15 қазанынан бастап жылу өлшегішпен жарақталмаған көппәтерлі үй тұрғындары үшін жылу ақысы 20 пайызға өседі. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВА хабарлады.

Тарифті көтеру мәселесі «Жылу энергиясымен қамту жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» агенттік бұйрығының негізінде шешілді. Осы құжатқа сәйкес, жылу өлшегіштермен жарақталмаған көппәтерлі үй тұрғындарына арналған тариф Т = 1,2 х Т1 формуласы (Т1 – жылмен қамту қызметінің ортақ тарифі) бойынша белгіленетін болады.

Ал агенттік мәліметтері бойынша Атыраудағы үйлердің тек 7,9 пайызы ғана жылу өлшегіштермен қамтылған.

«Даму» ЖШС өкілдігінің директоры Вадим МАХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, орташа 120 пәтерлік үйге (мысалы, Махамбет, 118 А, Б немесе Әуезов, 52 А, Б) есептегіш орнату монтаждау мен 2 жыл бойына көрсетілетін кепілдік қызметін қосқанда тұрғындарға 553 мың теңгеге шығады екен. Қалалық әкімдік оларды жертөлелерге орнатуға тыйым салды. Өйткені ол жерде тез істен шығып қалатын көрінеді. Сондықтан жылу камерасы құрылысын тұрғындар жеке төлемақы салатын болады. 

В. Махамбетов қақаған қыста тұрғындар жалпыүйлік есептегішпен абоненттік төлемді 50 пайызға дейін үнемдейді деп есептейді.

Бұдан басқа,  4 шілдеде агенттікке «Атырау ЖЭО» АҚ-нан 2013-2015 жылдардың жылу энергиясын қамту қызметі тарифтерінің шекті деңгейін бекіту жөнінде өтініш келіп түскен. Демек 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу энергиясына ортақ тариф көтерілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажы

11 шілде 2012, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.