Атырау, 20 сәуір 15:10
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

2 793 просмотра


Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») бойынша азамат Б.-ға қатысты істі қарады. Сотта оның «Сары Арқа» ықшамауданындағы пәтерді жалға алып, содан кейін оны жезөкшелерге жалдағаны анықталды. Б.-ға 240 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

***

5 тамызда ертемен Азаттық даңғылы бойындағы №169 «б» үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде  асүй жалындап, пәтер иесі балконнан көмекке шақырып тұр екен. Өрт 20 минуттан кейін сөндіріліп, пәтер иесі құтқарылды.

***

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 64 жастағы Атырау тұрғынына бір ай ішінде жылдамдықты арттырғаны туралы 20-дан астам хабарлама жылдамдық өлшеуіш түсірген суреттері жалғанып, поштамен жеткізілген. Егер ереже бұзушы айыппұл туралы хабарламаны алған күннен бастап 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлесе, 50% жеңілдік жасалатыны белгілі. Жүргізуші осы жеңілдікті пайдаланып, жалпы 475 мың теңгенің жартысын ғана төлеген.

***

№2 Атырау қалалық соты 45 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарды заңсыз сақтау не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы жылдың сәуір айында ол К. деген біреуге қағазға оралған 1 граммдай марихуананы 5 мың теңгеге сатқан. №2 соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотталушы іс жүргізу келісімін жасап, нәтижесінде үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

***

6 тамызда Атырауда Амандосов көшесінде Mersedes-Benz Sprinter маркалы көлігі өртеніп кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

***

7 тамызда Махамбет ауданының Ақтоғай ауылында 18 жастағы жергілікті тұрғын Жайық өзеніне батып кетті. Дене судан бір сағаттан кейін шығарылды.

9 тамыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.