Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нығмеджан САПАРОВ тағайындалды. Ол осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған. Ал одан бұрын осы лауазымды атқарған Құрмаш СЕЙІТБЕКОВ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне келді.
Нығмеджан Сапаров КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ҚР ІІМ Академиясын «заңгер», «жергілікті және мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Благовещенск жоғары танктік командалық училищесінде қару-жарақ шебері болып бастаған. Әр түрлі жылдарда ішкі істер және қаржы полициясы органдарында, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің жедел қызмет департаменде жұмыс істеді. Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы лауазымын 2016 жылғы ақпаннан бастап атқарған.
Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ